Қылмыстық іс жүргізу дәлелдемелері және қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудің мақсатының ерекшеліктері
By maukazan On 18 Янв, 2013 At 10:21 ДП | Categorized As 2010, №2 март-апрель 2010 год | With 0 Comments

Е. Н. Тұрашев,

з.ғ.к., доцент

 

В статье рассматриваются вопросы, связанные с доказатель-ствами и доказыванием по уголовному делу. В статье изучаются проблемы соотношения доказательства и дока-зывания в уголовном процессе. Анализируются нормы уголовно-процессуального закона, регулирующие процесс доказывания.

 

In the given article the questions connected with proofs and the proving on criminal case are considered. The problems of a parity of the proof and proving in criminal trial are studied in the article. The norms of the criminal procedure law regulating process of proving are analyzed.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Фактілер және олардың қайнар көздері туралы мәліметтерді жинау, тек-серу және бағалау нәтижесінде қыл-мыстық істің мән-жайлары туралы білім нақты бір деңгейіне жетеді. Диалектикалық материализмнің тану теориясы (гносеология) қоршаған орта-ның нақтылығынан және оны тану мүмкіндігінен шығады, ал соңғысының соның негізіне адам санасының шынайы объективтілікті қамтуы жатады.

Адамзат санасы осы шынайылық­тың құбылысын тани алады. Қоғамдық тәжі-рибе адамзат санасы объективтік шынайы-лылықты дұрыс танитындығын және қа-жетті тану нәтижелеріне жете алуға қабі-летті екендігіне сендіре дәлелдейді.

Осы жағдайда қылмыстық іс бой-ынша іс жүргізу кезінде жүзеге асы-рылатын қылмыстық іс жүргізушілік дә-лелдеу сырттан тыс қалмайды. Қылмыс-тық іс бойынша маңызы бар мән-жай-ларды анықтау үшін гносеологиялық тос-қауыл жоқ, сонымен қатар, олар кез келген объективтік шынайылылық сияқ­ты жан-жақты және толық танылуы мүмкін.

Сондықтан көптеген қылмыстық іс жүргізу ғалымдарының қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудің міндеттері қылмыстық іс жүргізу міндеттерінің маңызды бөлігі болып табылады және олар зерттелінетін мән-жайлар туралы ақиқатты білімге жеткен жағдайда орындалады деп саналады деген дұрыс тұжырымдары кездейсоқтық емес.

Философияда ақиқат – бұл субъек-тінің объектіні дәлме-дәл тануы, затты санадан тыс және тәуелсіз тануды жаң-ғыртуы. Ақиқат деп белгілі бір затты, нақты бір объективтілік нақтылықтың құбылысын дұрыс қамти алған және оған сәйкес келетін, онымен үйлесетін ойды айтады.

Қылмыстық іс жүргізуде жасалған қылмыстың мән-жайлары туралы қол жеткізген ақиқат «объективтік ақиқат» деген терминмен белгіленеді.

М.С. Строговичтің ойынша, «қылмыстық іс жүргізудегі «объективтік» ақиқаттың атауы өте маңызды ережені құрайды, себебі қылмыстық іс бойынша қол

жеткізген ақиқат – формальді емес, шартты емес, бірақ оған жету үшін нақты бір формальді талаптар мен заңдық жағдайлар белгіленген. Сол үшін ақиқат мәні бойынша объективті шынайылылығы бар» [1, 47].  

Объективті ақиқаттың мазмұны – бұл қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеу нәтижесінде алынған қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар фактілер және мән-жайлар туралы білімдер.

Осы арада тергеуші мен сот болған оқиғаның фактілі мәнін анықтай отырып, оған қылмыстық құқықтың сол не басқада бір нормасын қолдануды қолға ала бастайды, сөйтіп осы норманың немесе бірнеше нормалардың ішінен қайсысы жасалған әрекет үшін қандай жауапкершілік көзделетіндігін анықтайды.

Тиісінше, объективтік ақиқаттың мазмұнына фактілер мен мән-жайлар туралы білімдерден басқа танылатын фактілер мен мән-жайларды қылмыс ретінде квалификациялауға заңдық баға беруі де кіруі қажет.

Фактілер мен мән-жайларды анықтау кезінде ақиқатқа жету өзіндік орын ала-ды, егер олар шынайылықта жүзеге асырылып және соған сәйкес дәл танылса ғана.

Әрекетті дұрыс саралау ол анықталынған фактілер мен мән-жайларды қылмыс құқығы нормаларына сәйкес екендігін білдіреді. «Егер фактілі мән-жайларды тіркейтін ақиқат жалпы мазмұнды сипатты құраса, онда анықталынған фактілерді құқықтық бағалауды өзіне ала білген ақиқат формальды болып келеді және мазмұнды білімнің қандай да бір элементтерінен толығымен айырылған» [2].

Объективті ақиқат өзінің сипаты бойынша салыстырмалы және абсолюттік бо-лып келеді. Салыстырмалы ақиқат – бұл объективтік шынайылылықты дәлме-дәл, дұрыс бейнелейтін білім, бірақ ол барлық қасиеттер мен қатынастарда толық көрсетпейді.

Абсолюттік ақиқат – бұл бір немесе басқада заттарды, объективті шынайы-лылықтың құбылыстарын түпкілікті, толық, жан-жақты тануы, яғни ол аталған заттар мен құбылыстардың барлық қасиеттері мен қатынастарын қамтитын тану.

Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеу нәтижесінде қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар туралы білімді алу кезінде объективтік нақтылықтан алынатын мазмұндармен тұрақты толықтырылып отырылады. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізудегі объективті ақиқат салыстырмалылық пен абсолюттік органикалық біртұтастықты құрайды.

Сонымен қатар, кейбір қылмыстық іс жүргізуші ғалымдардың объективті ақиқатты іс жүргізушілік ақиқатқа алмастыруға талпынған көзқарастары сәтті деп атауға болмайды, себебі іс жүргізушілік ақиқат сот процесінің нәтижелері іс жүргізушілік құқықтың талаптарына сәйкес келуін білдереді. Мәселен, В.В. Никитаев жазғандай, «объективті (материалдық) ақиқат Қылмыстық кодексіні үкімді тағайындау үшін қолдануға әсер ететін фикция, былайша айтқанда, заңи фикция, сондықтан оны қылмыстық іс жүргізудің құралы ретінде сақтауы іс жүргізушілік ақиқат бірінші орынға қойылатындығын жорамалдайды» [3, 76].

Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудің мақсаты тек объективті шынайылылықты не, басқаша сөзбен айтқанда объективті ақиқатты анықтауы ретінде орнықтырыуы болып табылады.

Сонымен қатар, ҚР ҚІЖК қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы ережелерінде де, іс жүргізудің жекелеген сатыларында қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді реттеу кезінде де және іс жүргізудің ерекше нысандары барысында да «ақиқат» деген терминді тікелей қолданбайды.

Бірақ, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын мұқият талдауы көрсететіндей, қылмыстық іс жүргізуде «ақиқат» терминін пайдаланудан бас тартқан жағдайда да қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде барлық мән-жайлар туралы объективті білімді алуға құқықтық негізге орын қалып отырады.

Шынайылылыққа сәйкес қылмыстық істің мән-жайларын анықтаудың кепілдіктерінің негізін келесі құқықтық ұйғарымдар құрайды.

Алдымен, ҚР ҚІЖК 8 бабында белгіленген қылмыстық сот ісін жүргізу мәнінің объективті сипаты. Мысалы, қылмыстық ізге түсу және кінәлі тұлғаға әділ жаза тағайындау, бір жағынан қылмыстық сот ісін жүргізудің мәніне жауап берсе, екінші жағынан кінәлі емес тұлғаларға қатысты қылмыстық ізге түсуден бас тарту, оларды жазадан босату, қылмыстық ізге түсуге негізсіз тартылған тұлғалардың әрбірін ақтауда қылмыстық сот ісін жүргізудің мәніне жауап береді.

Жасалған қылмыстың объективті көрінісін анықтауды қамтамасыз ету қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген қылмыстық сот ісін жүргізудің принциптер жүйесіне негізделеді, олардың ішінде басыңқы болып мына принциптер орын алады, кінәсіздік презумпциясы (ҚР ҚІЖК 19 бабы), сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру (ҚР ҚІЖК 23 бабы), дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау (ҚР ҚІЖК 25 бабы).

В.Н. Григорьев мен А.В. Победкинің белгілеуі бойынша «нақты бір тұлғаның кінәлігіне қатысты күдіктерді жоюдың іс жүргізушіліктің барлық мүмкіндіктері таусылған жағдайда кінәсіздік презумпциясы принципін басшылыққа алу қажет, соңғысына сәйкес дәлелденбеген кінәлілік кінәсіздікті дәлелдеумен пара-пар келеді, яғни ақтау үкімі бұл жағдайда ақиқат анықталмағандықтан шығарылмайды, керісінше заң шығарушы оны анықталған деп санауды міндеттейді, себебі тұлғаның кінәсіздігі дәлелденген болатын» [4, 28].  

Қылмыстық іс бойынша объективті ақиқатты анықтауға қылмыстық сот ісін жүргізетін органдардың қызметтерінің іс жүргізушілік жағдайлары, іс жүргізуге қатысатын барлық қатысушылардың іс жүргізушілік құқықтары бағытталады.

Шынайылылыққа сәйкес қылмыстық іс бойынша мән-жайларды анықтау мақсатында қылмыстық іс жүргізуде дәлелдемелер мен дәлелдеуді реттейтін ҚР ҚІЖК нормалары маңызды рөл атқарады.

Мәселен, ҚР ҚІЖК 115 бабы, сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтауды талап етеді.

Қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың тізіміне, аталған мән-жайлармен бірге, қылмыс оқиғасы мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгілері (қылмыстың жасалу уақыты, болған жері, әдісі және басқа да мән-жайлары), қылмыстың заңмен тыйым салынған әрекетті кімнің жасағандығы, адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаудағы кінәлілігі, оның кінәсінің нысаны, жасалған әрекеттің себеп-дәлелдері, заңдық және іс жүзіндегі қателіктер, айыпталушының жауаптылығының дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-жайлар, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар, жасалған қылмыстың зардаптары, қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері, әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар жатады (ҚР ҚІЖК 117 бабы).

Бұның барлығы ҚР ҚІЖК қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудегі басты мақсаты әлі де болса істің мән-жайларын зерттеу туралы ақиқатты білімге жету, яғни шын мәнінде болған істің фактілі мән-жайлары қылмыстық сот ісін жүргізу органдарының тұжырымдарына сәйкес болуын білдіреді.

Біз 200 тәжірибелік қызметкерлер арасында жүргізген сауалнама нәтижесінде «Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудің мақсаты ақиқат болып табылады ма?» деген сұраққа басым көпшілігі оңды жауап берді. Қойылған сұраққа «ия» деп 161-і жауап берсе (80,5%), «жоқ» деп 38-і жауап берді, ал сұралғандардың біреуі ғана (0,5%) «білмеймін» деп жауап берді.

Сонымен бірге, қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеу үшін «дұрыстық» пен «ықтималдық» түсініктерінің ара қатынасы әлі де болса мәселе болып отыр, себебі дұрыстық та және ықтималдық та негізделген білімнің деңгейі болып табылады. Бірақ, тек дұрыс білім ғана шынайылылық болып саналады. Тек қылмыстық істің мән-жайлары туралы дұрыс білім ғана түпкілікті нәтижеде қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеуге әсер етеді.

«Ықтималдық» философиялық категориясы «дұрыстық» категориясымен пара-пар келеді. Ғылыми тұрғыдан «ықтималдық» пен «дұрыстық» категориялары субъект жеткен танудың, білімнің алуан түрлі деңгейлерін, негізделудің алуан түрлі дәрежелерін, білімнің дәлелденгенін сипаттайды. Ықтималды білім дұрыс білімге қарағанда алынған білімдерге қатысты күдіктер келтіреді. Ал, дұрыс білім күдіктер келтірмейді, онда тек сенімділік пен нанымдылық болады.

Ықтималдық әрқашанда оң және теріс сипаттағы соңғы тұжырымдарсыз қалыптаспаған категорияны білдіреді. «Егер бізде толық емес, керісінше оны ақиқатты деп танудың бірқатар негіздері болғанда ғана білім ықтимал болады, сол себеппен ол одан әрі негізденуге (дәлелденуге) жатады және сондықтан ол бізге нақты сенімділік туғызады, бірақ ол сенімділік бізді ақтамағандықтан біз оған дайын емеспіз» [5,92].  

Бірақ, ескерту қажет, қылмыстық іс жүргізу заңы гносеологиялық заңдылықтарға қарамастан ықтиалды білімге жету кезінде және мәндес тұжырымдармен дәлелдеудің аяқталуын белгілейді.

Бұл ҚР ҚІЖК 37 бабында айтылған негіздер бойынша, қылмыстық ізге түсуді қысқарту туралы іс жүргізушілік шешімдерді қабылдау (әрекетте қылмыс құрамының болмауы), сондай-ақ ҚР ҚІЖК 376 бабының 2 тармағының 2 тармақшасы бойынша ақтау үкімін шығару (сотталушының әрекетінде қылмыс құрамының болмауы) сәттері болып табылады.

Аталған жағдайлар айыпталушының кінәлі еместігінің «шынайылылығы» туралы білімнің анықтығына қол жеткізуіне болады не болмайды, себебі «қылмыс құрамының болмауы» қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында қылмыстарды жасауда тұлғаның кінәлігін анықтау үшін жеткілікті емес дәлелдемелердің жиналу жағдайын және жиналған және тексерілген дәлелдемелер жасалған қылмысқа тұлғаның кінәлі еместігін көрсететін жағдайларды да өзіне сіңіріп алады.  

Сонымен бірге, қарастырылып отырған жағдайларда дәлелдеу нәтижелері бойынша барлық тұжырымдар, егер олар ықтималды маңызыне ие болса да тұлғаны толық ақтауға бағытталуы тиіс. Қалған жағдайларда білімдердің ықтималды деңгейіне жеткенде қылмыстық істің мән-жайларын тану процесі оң және теріс сипаттағы түпкілікті тұжырымдармен аяқталмайды.

Сондықтан, тұлғаның қатысы жоқтығы кезінде дәлелдеу нәтижелері бойынша жасалған қылмысқа гносеологиялық көзқарастары тұрғысындағы тұжырымдардың ықтималдығы қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде жиналған дәлелдемелер тұлғаның жасалған қылмысқа кінәлігін анықтау үшін жеткілікті емес болғанда ғана қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеу қылмыстық істің мән-жайларының білімділігінің анықтығымен аяқталады деген жалпы ережелерінен шығады.  

Сонымен қатар, қылмыстық істің мән-жайлары туралы ықтимал білімі дәлелдеу пәнін анықтаумен байланысты емес дербес іс жүргізушілік шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылады: қылмыстық істі қозғау туралы, бұлтартпау шараларын қолдану туралы, тергеу іс әрекеттерін жүргізу туралы (мысалы, тінту мен алу), тұлғаны жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер деп тану, қылмыстық істерді біріктіру, бөлектеу, тоқтата тұру туралы және т.б.

Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудегі ықтималды білімнің негізділігіне зерттелетін мән-жайлар туралы мәліметтер не ақпараттар жатады, өз кезегінде олар шын және жалған болады.

Дұрыстық, керісінше қылмыстық іс бойынша мән-жайларды зерттеу туралы білімнің толықтығымен сипатталады, сонымен қатар ол осы мән-жайларға қатысты тұжырымдарды дәлелдемелер арқылы дәлелдеуге мүмкіндік туғызады. Дұрыстық субъективтік көзқарас бойынша нақты бір мән-жайларды бағалауда немесе факт дұрыс және толық болғанда сенімділікті көрсетеді.

Білімнің дұрыстығы дәлелдеу пәнінің мән-жайларын анықтауға байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуде шешімдерді қабылдау барысында қолдануы міндетті:

  1. Тұлғаны айыпталушы ретінде тарту;
  2. ҚР ҚІЖК 37 бабының 1 тармағының 1 және 2 тармақшасына, 51- бабының 1 тармағына, 38 бабының 1 тармағына сәйкес қылмыстық істі қысқарту немесе қылмыстық ізге түсуді қысқарту;
  3.  Айыптау қорытындысын құрастыру туралы;
  4. Айыптау хаттамасын құрастыру туралы;
  5. Үкімді шығару туралы.

Аталған қылмыстық істер бойынша шешімдердің түрлері мазмұнды дұрыстыққа тән болуы тиіс: бұл шешімдер дәлелдемелердің дұрыс логикалық құрылысына негізделіп қоймай, сонымен бірге оларды қабылдау үшін фактілі негіз болған істің мән-жайларын жан-жақты және объективті зерттеуге де негізделеді

Сондықтан, дәлелдемелерді құрайтын қылмыстық іс бойынша қабылданатын шешімдер негізінде дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтауға қатысты бір мағыналы негізделген тұжырымдар жасалынуы құқық қорғау органдарында орын алатын осы жағдай орынсыз болып табылады.

 

Әдебиеттер

1. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. М., 1968. Т. 1.

2. Томин В.Т. Острые углы уголовного судопроизводства. М., 1991.

  1. 3.  Никитаев В.В. Проблемные ситуации уголовного процесса и юридическое мышление / Состязательное правосудие: труды научно-практических лаборато­рий. М., 1996.

4. Григорьев В.Н., Победкин А.В. О методологии совершенствования дока­зательственного права // Государство и право.  2003.  № 10.

5. Комлев Б. О понятии доказательств // Социалистическая законность. 1991. №11.

About -

Leave a comment

You must be Logged in to post comment.