Қылмыстық іс жүргізудегі прокурор жүзеге асыратын іс жүргізушілік қызметтерінің нысандары
By maukazan On 17 Дек, 2012 At 09:13 ДП | Categorized As 2010, №1 қаңтар-ақпан 2010 жыл | With 0 Comments

Д. Бекишева,

аспирант

В статье рассматриваются вопросы, связанные с процессуальными формами, осущес­твляемыми прокурорами. В статье определены виды процессуальных форм и их соотношения. Изучены вопросы участия прокурора в уголовном процессе, а также в судебных инстанциях.

 The article deals with issues related to the participation of the prosecutor in the court of first instance. Credentials and relationships of the prosecutor with other members in the court of first instance are examined. The main provisions of the prosecutor participation in the trial are determined.

Прокурор өз құзіреті шегінде жедел-іздестіру қызметінің, анықтау­дың, тергеудің және сот шешім-дерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзіреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға, соны-мен қатар соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айып-тауды қолду жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып табылады.

Прокурор айыпталушыға не-месе оның іс әрекеті үшін мүліктік жауаптылықта болатын тұлға:

1. Өзінің дәрменсіз күйіне, айыпталушыға тәуелді болуына не-месе өзге де себептер бойынша та-лап қою және оны қорғау құқығын өз бетінше пайдалануға қабілеті жоқ жәбірленушінің;

2. Мемлекеттік мүдделерін қорғап талап қоюға құқылы.

Прокурор өзінің іс жүргі-зушілік өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болады және заңға ғана бағынады.

Қылмыстық іс жүргізуде про-курор жүзеге асыратын іс жүргізу қызметтерінің нысандарын негізінен былай бөлуге болады:

—   қылмыстық ізге түсу;

—   сотта мемлекет мүддесін біл-діру;

—   прокурорлық қадағалау.

Бұл нысандар бір-бірімен тығыз байланыста болады және бір-бірін то-лықтырып отырады. Сондықтан, оларға қысқаша сипатта беріп кетсек.

Қазақстан Республикасында «қылмыстық ізге түсу» термині 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конс-титуция деңгейіне тұңғыш рет орнық-тырылып, оның 83 бабында «Прокура-тура туралы» заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қыл-мыстық ізге түсуді жүзеге асырады деп белгіленген.

Құқық қорғау қызметтерінің ішіндегі басты бағыттарының бірі қылмыстық ізге түсу болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, қылмыстық ізге түсу (айыптау) – қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі деп түсіну қажет.

Демек, қылмыстық ізге түсудің міндеттері мыналар:

—   қылмыстық әрекетті анықтау;

—   қылмыс жасаған тұлғаны анықтау;

—   қылмыс жасаған тұлғаның кінәлігін анықтау;

—   оған қатысты жаза шараларын немесе қылмыстық-құқықтық әсер етудің басқа да шараларын қолдануды қамтамасыз ету.

Қылмыстық ізге түсу органдары – ҚР-ның ҚІЖК-не сәйкес – прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органдары, анықтаушы жатады. Сот қылмыстық ізге түсу органдарына жатпайды.

Енді, прокурорлық-тергеу тәжірибесіне тоқталсақ, онда 2004-2008 жылдары арасында ҚР-ның анықтау мен тергеу органдары қызметтерінде заңдылықтың сақталу мәселелері туралы азаматтар прокуратура органдарына 22283 шағымдар мен өтініштер берген болса, онда олардың 5019-ы қаңағаттандырылды. 2004 жылы прокуратура органдары 1049 негізсіз қылмыстық іс қозғау туралы қаулылардың, 2005 жылы – 1269 қаулылардың, 2006 жылы – 1420 қаулылардың, 2007 жылы – 1540 қаулылардың, 2008 жылы 2100 қаулылардың күшін жойды.

Соның нәтижесінде, тек ҚР Ішкі істер министрлігі бойынша 2005 жылы 228 азамат, 2006 жылы 280 азамат, 2007 жылы 307 азамат, 2008 жылы 314 азамат қылмыстық жауапқа заңсыз тартылғандығы анықталды. Қамауға алу үшін негіздердің болмауы салдарынан 2004 жылы 4743 тұлға, 2005 жылы 4122 тұлға, 2006 жылы 4085 тұлға, 2007 жылы 3902 тұлға, 2008 жылы 3810 тұлға қамаудан босатылды [1].

Прокурор сотқа дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ сотта қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асырады. «ҚР-ның Прокуратурасы туралы» заңының 46 бабына сәйкес, прокуратура қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырады. Прокурор істі сотқа жіберген кезде қылмыстық ізге түсу функциясын өзгешелеу жүзеге асырады.

Сотта прокурордың қылмыстық ізге түсуге қатысуы мемлекеттік айыптауды қолдау түрінде болады. Басқа барлық жағдайларда прокурор заңдылықты қадағалайды.

«Қылмыстық ізге түсуді тергеушінінің, анықтау органдарының, анықтаушының жүзеге асыруының прокурор қызметінен айырмашылығы – прокурор қылмыстық ізге түсуді заңдылықты қадағалау міндеттерін шешумен ұштастырады» [2, 162].

Сонымен бірге, аталған органдардың қызметі негізінен қылмыстық ізге түсуге бағытталған. Басқа барлық функциялар олар үшін екінші дәрежелі сипатта болады.

Қылмыстық ізге түсу істі тергеу функциясына жақын жанаса отырып, үйлеспейтінін ескеру қажет. Осы екі функцияны жүзеге асыру үшін анықтаушы, тергеуші, прокурор өкілеттіктерінің іс жүзінде бірдей екені қылмыстық істі қозғау қылмыстық ізге түсу басталғанының дәлелі болып табылатынын тіпті де білдірмейді.

Басты айырмашылық мынады: «қылмыстық ізге түсу қылмысқа қатысты емес, керісінше қылмыс жасаған адамға қатысты жүзеге асырылады» [2, 167].

Демек, қылмыс жасаған адамды анықтамастан қылмыстық іс қозғау фактісі қылмыстық ізге түсу немес қылмыстық ізге түсуді қозғау басталғанының дәлелі болып табылмайды.

Адам тек қылмыс жасағанының белгілері бар жағдайда ғана қудаланады. Қылмыстық ізге түсу адамның кінәлі екені жөніндегі ұғыммен өзара байланысты.

Сонымен, қылмыстық ізге түсу қызметінің белгілері мынадай:

—   іс-әрекеттің қылмыстық заңда қылмысты деп, қылмыстық жаза қолдануға лайықты деп танылуы;

—   қылмыстық істі тоқтату, қылмыстық ізге түсуді тоқтату үшін негіздердің жоқтығы;

—   адамның кінәлі екенін қуаттайтын қажетті дәлелді негізінің болуы [3, 115].

Жоғарыда аталған ережелерді ескере отырып, біз қылмыстық ізге түсудің мынадай ерекшеліктерін көрсете аламыз:

—   анықтау мен алдын ала тергеу органдарының қызметтерін прокуратура қадағалауды жүзеге асырады (прокурор нұсқау береді, олардың актілерін өзгертеді, айыптау қорытындысын бекітеді, айыпталушыны сотқа береді, істі сотқа жібереді, істі қысқартады не қайта тергеуге жібереді);

—   анықтау мен алдын ала тергеу сот төрелігіңің алдында жүргізіледі;

—   анықтау мен алдын ала тергеу органдары прокуратура мен соттан бөлінген;

—   қылмыстық ізге түсудің әдістері, әдетте ерекше биліктік-мәжбүрлеу сипатта болады;

—   қылмыстық ізге түсу органдарының қызметтеріне араласуға заңмен тыйым салынады.

Прокурорлық қадағалау қылмыстық сот ісін жүргізудегі заңдылықтың дәл сақталуының маңызды кепілі болып табылады. «Қылмыстық істерді соттарда қаралуы кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалау прокурорлық қадағалаудың дербес саласы, прокуратура органдары қызметінің маңызды құрамдас бөлігі» болып табылады [4, 48].

Бұл қадағалау сот сатыларының барлық деңгейінде, атап айтсақ аудандық және оған теңестірілген соттан бастап ҚР-сы Жоғарғы Сотына дейін жүзеге асырылады. Прокурор қылмыстық істер бойынша сот талқылауының барлық сатысында қылмыстық істі тыңдауға дайындау сатысынан бастап және қадағалау тәртібіндегі қылмыстық істер бойынша іс жүРгізуімен аяқтай отырып, заңдардың қолданылуына қадағалау бойынша өз өкілеттігін бірдей қатаң жүзеге асырады.

«ҚР-сы прокуратура туралы» заңының шығуына байланысты сот билігіндегі прокурорлық қадағалаудың рөлі мен маңызы нақты түрде өзгерді. Соттарда прокурорлар қадағалауы, қылмыстық істі сот талқылауында толық және объективті, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, заң мен сот алдындағы азаматтардың теңдігін сақтау, әрбір қылмыстық іс бойынша сот қаулысына заңды, негізделген және әділетті үкім, анықтау мен қаулы туралы жан-жақты заң талаптарының мүлтіксіз орындалуына бағытталған.

 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыра отырып, прокурор сотта қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдайды, заң мен мемлекет атынан сөз ала тұрып, олардың мүдделерін білдіреді және қылмыстық іс бойынша сот билігі аясына тартылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне мемлекеттік кепіл болып табылады.

Әдебиеттер

1. ҚР-сы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнаулы есеп Комитетінің ақпараттары. — Астана, 2009 .

2. Винокуров Ю.Е. Прокурорский надзор РФ. — М., 2002.

3. Звирбуль В.К. Правовая реформа и коренная перестройка прокурорского надзора. — М., 1991.

4. Жумабеков О. Прокурорский надзор как высший надзор в Республике Казахстан. — Астана. 2002.

About -

Leave a comment

You must be Logged in to post comment.