Аралық соттың 1917-1990 жылдар аралығында пайда болуы және даму ерекшеліктері
By maukazan On 17 Дек, 2012 At 09:35 ДП | Categorized As 2010, №1 қаңтар-ақпан 2010 жыл | With 0 Comments

Қ. Қ. Тастекеев,

аға оқытушысы

Данная статья посвящена истории развития третейского суда в Казахстане 1917-1999 годах. Раскрывается фор-мирование института третейского суда, дается анализ трудов отечественных ученых, а также рассмотрены этапы ста-новления и развития третейских судов в Казахстане.

 

This article is dedicated to the arbitration court institute in Kazakhstan. The author discovers the definition and the essence of this institute, analyses the research works of Kazakhstani scientists and considers the stages of formation and development of arbitration courts in Kazakhstan.

Кеңес дәуірі кезіндегі аралық соттың даму кезеңдерінен сол кездегі аралық сот элементтерін тарих бет­терінен көруге болады. 1917 жылдары Ресей үкіметінің ішінде түрлі ірткіліктер пайда бола бастады. Ресей-дің осындай құбылыстарын байқаған қазақтың бас көтерер азаматтары жаңа жоспарларды өз халықы үшін ойлас-тыра бастады. 1917 жылы Алихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары «Алаш-орда» партиясын дүниеге әкелі.

Сол кездегі «Алаш-орда» пар-тиясы, Қазақстанды Қырғыз Республи-касынан бөліп жеке мемлекет ретінде қалып­тастыру негіздерін партияның негізгі мақсаты ретінде қарастырды.

«Алаш-орда» партиясы Қазақ-станда өз билігін орнатқан жерлерінде бірнеше рет өз соттарын ұйым-дастыруға тырысты. 1918 жылы 26 шілдеде «Алаш-орда» төрағасы Бөкей-ханов Омск қаласындағы колчактық «министрлер кеңесіне» жедел-хат жол-дады: «…Қырғыз-большевиктері үшін ерекше қырғыз соты ұйымдасты­рылғанын хабарлайды. «Алаш-орда» және тергеу комиссиясы тергеу өндірісін бөгемейді, «Алаш-орда» өзінің екі өкілін Семейдің тергеу комиссиясына уақытша іс сапарға жіберді…».

«Алаш-Орда» өз адамдары-нан ғана сот құрмақшы болды. 1918 жылдың 17 қазанында Қостанай қаласында «Алаш-орданың» уездік съезі өтіп, мынадай қаулы шығар-ды: «Құрамы бес адамнан тұратын, оның үшеуі басқа қызмет істе-мейтін адамдардан аталған съезде сайланатын, ал екеуі жер-гілікті «Алаш-орда» бөлімінен сайлана-тын қырғыз соты ұйымдастырыл-сын». 1919 жылы 23 тамызда колчактық «министрлер советімен» «Алаш-орда» ұсынған Қырғыз соты туралы ереженің жобасы бекітілді.

Осы жоспармен Ақтөбе, Темір, Елек, Ырғыз уездерінде уездік халық соттарын құру қарастырылды. Әрбір халық сотын-да «екі заседатель әділ сот өндірісі тоқтап қалмас үшін үнемі ешқайда кетпей, кезектесіп мәжіліс өткі-зеді». Әрбір уезд үшін ірі қыл-мыстық істерді, сонымен қатар контрреволюциялық істер бойынша революциялық трибунал сотына қарасты істерді қарайтын тергеу комиссияларын ұйымдастыру көз-делді.

Сол кезеңдегі тергеу комиссияларының рөлі оларға алдын ала тергеу қызметі ғана емес, сонымен бірге кейде сот қызметінің де жүктелгендігімен анықталғанын айта кету керек.

Социалистік Қазан төңкерісі біздің еліміз халықтарының ғасырлық құлдық бұғауын үзіп, қанаудан азат етті. Орталықта басталған социалистік революцияның бір ерекшелігі, оның жан-жаққа тез тарауында болды. Социалистік революцияның маңызды міндеті қанаушы мемлекеттік аппаратты жойып, социалистік мемлекет аппаратын құру болды.

«Социалистік революцияның келуімен қанаудың құралы болып келген ескі соттар да жойылды. 1917-1920 жыл кезеңдерінде Қазақстанда жаңа сот құрылымы саласында ірі революциялық процесс жүрді: ескі революцияға дейінгі соттарды жойып, кеңестік сот жүйесін құру. Буржуазиялық Уақытша өкімет революцияға дейінгі сот жүйесіне ешқандай да өзгеріс енгізбегендіктен, социалистік революция Қазақстанда патшалық сот жүйесінің үстіне келді.

Ол тек қана жаңа жағдайға ыңғайланумен шектелді және де Уақытша өкіметтің Қазақстанға көзқарасы патшалық самодержавиенің көзқарасынан айырмашылығы болмады. Керенский, Мемлекеттік думада сөйлеген сөзінде былай деп ашық айтты: «Түркістан және далалық қырғыз облыстары бұл Тула және Тамбов губерниялары емес. Оларға ағылшындар мен француздар өз колонияларына қарағаны сияқты қарау керек».

Сонымен қатар «Алаш-орданың» азаматтарының сот жүйесін өзгертіп құруға деген жоспарларын әрқашан алға ұстады. 1918 жылдың 17 қазанда Қостанай қаласында мынадай қаулы қабылданған «Алаш-орданың» уездік съезі болды.: құрамы бес адамнан тұратын уездік қырғыз соты ұйымдастырылсын, ол бес адамның 3 басқа қызмет істемейтін адамдардан сайлансын, 2 жергілікті «Алаш-орданың» мүшелері арасынан сайлансын. 1919 жылы 23 тамызда колчактық «министрлер кеңесімен» «Алаш-орда» ұсынған қырғыз соты туралы Ереженің жобасы бекітілді.

Осы Ережемен 1917 жылғы 24 қарашадағы соттар туралы СНК декретімен таратылған Қазақстанда патшалық сот жүйесін қайта қалпына келтіруге қадам жасалды. Кеңес территориясында патшалық Ресей соттарын жою фактісінен 1919 жылы 5 шілдеде Орынбордың губерниялық кеңестерінің атқару комитеті халық соттарын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарды. Осы бұйрықпен 1918 жылғы 30 қарашадағы РСФСР халық соты туралы ережемен қарастырылған соттың ұйымдастырылуы мен қызметінің негізгі принциптері бекітілді.

Өз қызметінде халық соттары осы Ережені және жұмысшы-шаруа өкіметінің басқа да декреттерімен, сонымен қатар социалистік құқықтық сананы басшылыққа алу керек болатын. Халық соттарын ұйымдастыру мен оны жүргізудің көптеген маңызды мәселелерін бұл бұйрық қозғаған жоқ, бірақ бұл Қазақстандағы сот тарихы жөніндегі ежелгі құжат болды.

«Ең алғашқы Қазақстанның сот құрылымы мәселелері 1919 жылғы 10 шілдедегі Қырғыз өлкелік басқармасы бойынша Революциялық комитет туралы Уақытша ережемен шешілді.

Уақытша ережемен Қазақстандағы сот органдарының төмендегі жүйесі қарастырылды: а) аралық соттар, б) уездік халық соттары және солардағы тергеу комиссиялары, в) Қырғыз өлкелік революциялық комитетіндегі округтік халық соттары, г) революциялық трибуналдар. Уақытша ережеде аралық сот туралы былай делінген: «Қырғыздар арасындағы барлық дау-шарлар жауапкердің мекен жайы бойынша ауылдық және болыстық атқару комитеті төрағалығының аралық сотымен шешіледі». Іс бойынша шағымданушы және қадағалаушы инстанциясы уездік халық соты болды» [1, 48-50].

Аралық сотқа байланысты келесі деректі қарастырайық. «Аралық сот (третейский) туралы уақытша сот ережеде қарастырылғаны бойынша қырғыздар арасында туындаған ауыр істерге жауап беруші тұлғаның тұрақты тұрғылықты жерінде аралық соттың атқарушы комитеттерімен қарастыру көзделді. Аралық соттың надзорлық кассациялық инстанциясы болып уездік халық соты саналды.

1919 жылы 24 қазан айында уақытша ереженің дамыту бөлімшесімен арнайы орыс және қазақ тұрғындарына байланысты аралық (третейский) сот туралы нұсқау қабылданды, осы нұсқауда азаматтардың бас бостандықтарынан айыру мерзімі бір жылдан аспайтын немесе ақша сомасы мың рубльден жоғары емес қылмыстық істерді қарау аталған аралық (третейский) соттың қарау құзыретіне берілді» [1, 132-155].

Бұл кездегі уездік халық соты уездегі тұрғындардың ұлттық құрамын ескере отырып құрылды. Қазақ және орыстар аралас тұрған жерлерде ол екі бөлімнен тұрды: қазақ және орыс, ал бір ұлт басым болған жерлерде бір ғана бөлімнен тұрды, бірақ істі қарау барысында «мүдделі ұлттың тең дәрежеде қатысуымен қарастырылды.

Уездік халық сотында іс қарау құрамында бөлім төрағасы-тұрақты халық судьясы және кезекті екі заседательдің қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс болатын. Уездік халық соты революциялық трибуналға жататын істен басқа барлық қылмыстық және азаматтық істерді қарады.

Істі қарау әдеттегі құқық негізінде жүргізілді. Контрреволюциялық қылмыстар жөніндегі істерді қарау үшін революциялық трибунал ұйымдастырылды. Сонымен, шетел интервенциясы мен азаматтық соғыс кезеңіндегі РСФСР сот құрылымы тәжірибесіне сәйкес Уақытша ережемен Қазақстанда– халық соты және революциялық трибунал сияқты сот аппаратының екі саласын құру қарастырылды. Бұл екі жақтылық сол кездегі жағдайдың күрделілігімен түсіндіріледі. 1919 жылы революциялық трибуналдармен қатар Қазақстанның халық соты жүйесі де құрыла бастады. 1919 жылы 10 шілдедегі Уақытша ереже шыққан кейінгі алғашқы айларда халық соттарын құру баяу жүрді, бұл сол кездегі Қазақстанды басып алған әскери әрекеттердің нәтижесі болатын.

«1919 жылы қыркүйектен бастап сот аппаратының ұйымдастырылуы жөніндегі жұмыс жандана бастады. 1919 жылы 1 қазанда Қырғыз революциялық комитеті құрамынан Қазақстанның сот құрылымы жөніндегі жұмысты басқаратын юстиция бөлімі құрылды. 24 қазанда осы бөліммен 1919 жылғы 10 шілдедегі Уақытша ережені дамытуда орыс және қазақ тұрғындарына арналған аралық соттар туралы арнаулы нұсқаулық жасалды.

Нұсқаулық аралық сотқа бір жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы немесе 1000 рубльге дейін қаржылық айып салатын қылмыстық істерді қарау құқығын берді. Аралық соттар халық соттарымен ауыстырылған уақытша сот органдары болып табылды. Азаматтық істер бойынша аралық соттарға шек қойылмады. Халық арасында беделі бар, сенімге кірген, жергілікті халықтың салт –дәстүрін жақсы білетін барлық азаматтар аралық судья болып сайлана алды. Оларды тараптардың өзі таңдап алды немесе кеңестер келісімге келмей жатса, тараптардың аралық судьяға қарсылық білдіруге құқы болды. Сот шешімі жергілікті кеңесте сақталатын айрықша кітапқа жазылады және халық сотына шағым беруіне болады» [1, 48-53]. М. Сапарғалиевтің осы деректеріне байланысты біз аралық сот 1919 жылғы 10 шілдедегі «Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы» Уақытша ережемен құрылып өз қызметін атқарғанын көре аламыз.

1 қазаннан бастап Кирвоенревкомының әділет бөлімі халық соттарын ұйымдастыруға кірісті.

1919 жылы 31 қазанда Темір уездік ревкомына қатынас қағазы жіберілді, онда былай деп жазылған: «Военревкомның юстиция бөлімі Темір қаласында Темір уезіне екі бөлімі бар бір ғана Уездік Халық сотын ұйымдастыру ұсынылады, ал соңынан аумақты әскери әрекеттерден тазарту мөлшері бойынша. Ревкомға бөлімшелік екі халық сотын ашу ұсынылады, сонымен қатар екі бөлімімен осы және басқа соттар штатының қосымшасына сәйкес. Дәл осындай қатынас қағазы 1919 жылдың 1 қарашасында Орал облысы Елек уездік атқару комитетіне, 5 қарашада – Қостанай уезінің Адамовский атқару комитетіне жіберілді. 10 қарашада юстиция бөлімі Қазақстанда халық соттарын, тергеу комиссияларын және революциялық трибуналдар ұйымдастырудың нақты жоспарын жасады.

1919 жылдың 29 қазанында Кирвоенком төрағасы мен Кирвоенком юстиция бөлімінің меңгерушісі Ақтөбе тергеу комиссиясына үкім жіберді, онда былай деп жазылған: «Көпке ұзамай ұйымдастырылатын Революциялық Трибуналдың ұйымдастырылмағанын ескере отырып, Қырғыз Ревкомы тергеу комиссиясына алыпсатарлық, самогон қою және 50 000 рубльге дейін кінәлі адамға айыппұл салатын және 3 айға дейін мәжбүрлі жұмыспен өтеу сияқты істерді шешуге құқық берді». Юстиция Комиссариат бойынша жергілікті мекемелер қызметін біріктіріп, басшылық жасау үшін осы жылдың 27 қазандағы Облыстық атқару комитетінің қаулысымен Заң бөлімі ашылды.

1919 жылдың аяғында және 1920 жылы халық соттары Қазақстанның барлық аумағында құрылды. 1919 жылдың желтоқсанында Кирвоенкомның юстиция бөлімімен «Халық сотына нұсқаулық» жасалды. Бұл нұсқаулықтың негізіне 1918 жылғы 30 қарашадағы РСФСР халық соттары туралы Ережемен бекітілген халық соттарының ұйымдастырылу принциптері мен қызметі алынды. Нұсқаулықта Қазақстан аумағында бір ғана халық соты қызмет ететіндігі бекітілді. Мұнымен халық соттары негізгі сот органы болып табылды. Халық соты үш құрамда әрекет етті: жеке халық судьясы, екі заседателі бар халық судьясы (бөлімшелік халық соты) және алты заседателі бар халық судьясы (уездік халық соты). Халық сотының құзырына контрреволюциялық қылмыстар туралы, лауазымдық, шпионаж, кеңес өкіметін дикредитациялау және алыпсатарлық, революциялық трибуналға қарасты істерден басқа барлық қылмыстық және азаматтық істер қарастырылды.

Кеңес одағының саясаты бойынша адам құқықтары жерге тапталды деп айта аламыз, оны мына деректен көре аламыз. «Кеңестік құқық қорғау органдары ешқандай да кеңестік заңдармен санаспай, жүгенсіздік жасады. Бұл жағдайда «Алаш» бағдарламасы жобасының аталған қағидасын аудару, әрине, қауіпті болар еді.

Жобаның іс жүргізу-құқылық мәселелерге арналған қағидалары кепіл болып табылды. Бұл кінәсіздік призумциясы. Ол мынадай түрде көрсетілген: «Сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық»- Без судебного рассмотрения и решения не лишать свободы». Демек, адамды бас бостандығынан айыру үшін сот тергеуін жүргізіп, айыптау үкімін шығару қажет» [2, 302].

Аралық сот қоғам тарихындағы кәсіпкерлердің арасындағы дауларды қарастыратын ең алғашқы мемлекеттік емес сот болып табылады және дауларды шешудегі неғұрлым демократиялық орган.

Әділдік орнайтын жер – бұл адамдар өздерінің қиын сұрақтарына жауап табатын және өздері тап болған немесе тап болатын өмірдегі қарапайым емес жағдайлардан шығу жолы.

Адамзат қоғамының қалыптасуындағы бастапқы кезеңде пікір айтумен даудың шешіміне қолжеткізуші тараптар солардың пікіріне, ой байламына сенетін адамдар айналысты. Қағида бойынша соттық дау-шарларды қарайтындар өмірлік тәжірибесі анағұрлым мол, дана ақсақалдар, билер сияқты беделді адамдар болған. Азаматтар дауды шешуді, туғаннан немесе мұрагерлігі бойынша емес, өздерінің жеке бастарының білімділігімен, руластары мен тума-туысқандарының сенімімен атқарды. Аралық сот институты азаматтардың арасындағы белгілі бір дау-дамайларды өздерінің келісімдерімен шешуге келіскен келісімшарт негізінде әділдіктің шыңына жетуге, сол салада арнайы білімі бар дербес тұлғалармен, арнайы құрылған адамдар тобымен құрылады.

Қазақ тарихында қай заманда да болсын билік айтып, ақиқатты пір тұтқан, істің бетін ашып, шындыққа дара түсе білген, озық ойлы парасат иелері болған. Жауапкершіліктің ауыр жүгін арқалаған байырғы дәуірде қазақтың бетке ұстарлары билер болса, біздің заманымызда соның бірі- аралық соттар.

Қазақ қоғамындағы қатынастарды жаңа заман талабына сай реформалап отыру функциясы билерді сот және заң шығарушыға айналдыруына алып келді. Дала билері институтының қоғамдық қатынастарды реттеудегі нақты құқықтық орган ретінде Қазақ хандығы дәуіріндегі саяси-құқықтық қалыптастырушы белді топ ретінде қызметтерін айқындау үшін арнайы құруға тырыстық. Қазақтың «1822 жылғы уставы шықпастан бұрын қазақ билігі өзінде еді, қазақ өз тентегін өзі тыюшы еді. Ол кезде сайланған би жоқ, оның қадірлі, халық қалаған билері билік айтушы еді» [3, 79-81]. С. Зимановтың осы еңбектеріндегі халықтың билерді таңдауы қазіргі аралық соттарды тараптардың өздері таңдауымен сәйкес келеді.

Қазақ даласындағы саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы мен дамуы өз маңыздылығын жоғалтпаған, Қазақ хандығының тарихына жаңа қырдан көз салу болып табылады. Еуразияның жүрегінде орын алатын кең дала ежелгі заманнан бері аймаққа ғана емес, Еуразия ауқымындағы саяси-құқықтық құбылыстардың орталығы болғандығы белгілі. «Қазақ мемлекеті ХV ғасырдан басталғанымен, түркітектес туыстас халықтардан ажырап «қара шаңыраққа» ие болып, жұртымыз өз алдында отау құрғалы ықылым заманалар жылжып, сан ғасырлар өте шыққаны хақ. Міне, осыдан бері қазақтар өз ата-баба жолын ұстанып, әдет-ғұрып, дәстүр-салтын және тілін сүттің қаймағы секілді осы күнге дейін мейлінше таза сақтап келді»,- дейді академик С.Зиманов [4, 128].

Қазақ даласындағы халықтың ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты, ежелгі қазақтардың дау-дамайларды шешу әрекеттері өздеріне тән. Мысалы: Қазақстан территориясында пайда болған мемлекеттердің даму заңдылықтарын зерттеген профессор Ағдарбеков былай деген. Дала демократиясы жағдайында жыраулар тек ақындық функциямен шектелмей, билік айтатын адуынды би, ханға кеңес беретін ықпалды саяси күш ретінде қалыптасты. Оның үстіне дала демократиясының кей институттары ғасырлар бойғы тәжірибеден кейін эволюцияланып отырды. «Орта азия мен Қазақстанда рулық қоғамның өмір сүруіне мүмкіндік жасаған мал бағу жүйесінің ерекше нысанын және соған сай шаруашылық жүйесін сақтау болды. Мемлекеттің құрылуының негізін рулық және тайпалық атқарушылар жасады» [5, 158-164].

Соттың пайда болуы туралы тарихи деректерге қысқаша тоқталатын болсақ, «1918 жылдың басында Ресейде большевиктер Құрылтай жиналысын күшпен таратып, бүкіл билікті өз қолына алады. Мәселен, Әлихан Бөкейханов 1918 жылы «Қазақ» газетінде жариялаған «Саяси хал» мақаласында: «5 январьда Россия құрылтайы жиылды hәм большевик күшімен қуылды…

Украина, Дон, Кавказ, Түркістан, Сібір, Орынбор, өзге неше ішкі қалалар большевикпен соғысып жатыр. Майдандағы солдат үйді үйіне қашып жатыр. Мұжық, солдат «біз большевик дініне кірдік» деп қаланы, помещикті, байды талап жатыр. Темір жол тоқтады, астаналар, астық сатып алатын уаляттар, майдандағы әскер жұтап тұр.

Біздің қазақ жері әзір бұл Россия ылаңынан аман.

Алаштың баласы аман қалар ма, жоқ па? Болжап болмайды. Қорқамын – жалпы жұрттың қараңғылығынан, басшы болам деп, тонын айналдырып киіп, жұрт тілегін өзінің соқыр тиынына айырбастағаннан.

Аға-іні, Алаштың азаматы, бірік, бүгінгі үй ара уақ істі таста, мына қараңғы қара бұлт Россия ылаңынан Алаш басын қорғайтын жолға шық.

Россия мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бірліктен айырылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы іні жергілікті жұрт қызметін таза атқар! Жалпы жұртқа мұрындық бол!»,- деп жазады.

«Аралық соттың даму сатысының бір кезеңі ол Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның негіздері қайта дами бастады. Қазақстан ТМД басқа мемлекеттерінен айырмашылығы-оның халықаралық коммерциялық арбитраж туралы арнаулы заңының болмауы. Сол себепті де шетелдік соттар мен арбитраждар шешімдерін мойындау және орындау тәртібі мен шарттары ҚР АІЖК «Сот өндірісі және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 425 және 80-баптарына сәйкес халықаралық конвенциялар және келісімдермен анықталады» [6, 33-48].

 З.Ж. Кенжалиевтің пікірі: «Егер №1 «Сот туралы» декретте би соттары туралы сұрақ туындамаса, Ұлы октябрь революциясы жеңісінен кейінде Қазахстанда би соттары өз қызметтерін жалғастыра беретін еді, то согласно статье 14 Декрета НСК РСФСР о Казахском Ревкоме все тяжебные дела между казахами должны были решеться третейскими судами, образуемыми при аульных и волстных исполкомах.

25 декабря 1920 года НСК КАССР принял Циркуляр №2 «Об упразднении третейских судов», согласно которому все действующие на территории республики третейские суды признавались «самочинными» и подлежели «немедленному упразднению» [7, 162-163].

А.И. Вицынның пікірі: «Аралық сотпен дауды реттеу ескі дүниден бастап дауласушы тараптардың арасында қалыптасқан әрекеттер. Следующее упоминание разбирательства при посредниках встречается в договорной грамоте Великого князя Дмитря Ивановича Донского с князем Серпуховским Владимиром Андреевичем Храбром1362 г., где имеется следующая запись: А чего я буду искать на твоих бояр, или чего ты будешь искать на моих бояр, мы пошлем каждый по бояру, они и будут судить, а если их голоса разделятся, то рассудит их третий, кого они изберут» [8, 110].

Следует иметь в виду, что разбирательство через «третий» должно было стать оптимальным.

«Қазақстанда аралық соттар 1918 жылдың екінші жартысында пайда бола бастады. Аралық соттың негізгі құрылған себебі жаңа ғана құрылған буыны қатаймаған халық сотын ұсақ – түйек істермен жұмыстарын көбейтпей шағын істер аралық соттармен сәтті шешімін табатын болды.

Аралық сот ретінде сайланатындар нұсқауда жазылғандай барлық азаматтар, сол аймақтағы жерді, өмірдегі әдет-ғұрыптарын жақсы білетін сыйлы, сенімді азаматтар бола алды. Аралық сотты әр тараптар өздер сайлады, егер өздері бір шешімге келе алмаса тағайындалатын болды.

Тараптар кейбір аралық соттың істі қарауынан ерікті түрде бас тарта алды. Тараптардың дауларын шешкенде жергілікті жердегі тұрғындардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне байланысты қаралатын.

Аралық соттың шешімдері шыққаннан кейін ол ерекше кітапқа жазылды, ол жергілікті советте сақталды, оған қажет болған жағдайда халық сотына шағым жасауға болатын.

Аралық сот және ақсақалдар соты дауды жергілікті жерлердің әдет-ғұрыптарына байланысты шешетін болды, ол қарапайым көшпелі қазақтарға өз даулары бойынша екі соттың қайсысына барарларын білмей, қиындықтар туғызды. Сондықтан Қазақстанда аралық сотқа кері көзқарастар туындай басталды» [9, 154-157].

«1921-1925 жылдары республикада қылмыскерлерге қарсы үлкен жұмыстар жасалды, ол патриархалды-феодализмнің қалдықтары еді. Осы жылдары қазақ ауылдарында советтік соттармен қатар би соттарының қалдықтары «ақсақалдық соттар», аралық соттың бір түрі ретінде аттарын жамылып, сот ісінің қызметін жүргізді, олар тек азаматтық істер емес, күрделі қылмыстық істерді де шариат әдет ғұрыптарына байланысты қарастырды» [10, 201].

«1919 жылғы 10 шілдедегі Қырғыз аймағын революциялық басқару жөніндегі халықтық советтік комиссариатының декетінің 14-тармағында былай көрсетілген. Барлық қырғыздар арасындағы ауыр істер жауапкердің тұрғылықты жері бойынша ауылдық атқарушы комитеттің төрағасымен аралық (третейский) сотпен шешіледі. Аралық соттың шешімі ақырғы, бірақ кассациялық шағымдану қырғыз бөлімшесінің уездік халық сотының тәртібі бойынша жүргізіледі. Уездік халық соты реттік заңды қадағалаушы ретінде аралық соттың үкімін бұзып, оны аралық соттың басқа мүшелерімен қайта қарауға қайтаруға құқығы болды» [11, 80].

Ғалымдардың пікірлерінен аралық соттардың 1918 жылдарда қарқынды дамығаны сол кездегі халық сотының қызметін жеңілдету үшін құрылған сот өз деңгейінде қызметтерін атқарғандығын көре аламыз. «Юридическая секция первого Семиречинского обласного съезда Советов (1918 г.) нашала возможным предоставить каждому сельскому исполкому право организовать в случае надобности сельские третейские суды. Съезд Советов одобрил это предложение юридической секции и в своем постонавлении от 2 ноября 1918 года записал: «Для решения мелких дел создать при сельисполкомах сельские суды на третейских началах». Съезд получил обласному комиссару юстиции временно преподать этим судом соответствующие указания и инструкции. Второй Семиречинский областной съезд Советов в своем постонавлении от 22 марта 1991 года подтвердил существование третейских судов: «Третейские суды продалжают функционировать» [12, 16-17].

Мына деректер бойынша аралық соттың шешімін шығару немесе орындалуы қазіргі кездегі аралық соттың заңдылықтарына сәйкестілігін байқаймыз. «Аралық сотқа даулары бойынша жүгінушілерде аралық сотқа жүгінетіндігі туралы келісілген жазба болуы қажет, жазба селолық ауылисполкомда куәләндылатын болды. Мұнда сот төлемдері бекітілді. Аралық сотта ауыр істер бойынша шақыру міндетті түрде жүргізілді, істі сырттай қарауға тыйым салынды. Соттың шешімі жазбаша шығарылды және ол жергілікті ауылисполкомда сақталуға тапсырылды. Сот шешімін мәжбүрлі түрде орындатуға қажет болған жағдайда селолық ауылисполком орындалу парағын беретін болды, бірақ сот шешімінің заңдылығын тексергеннен кейін берілетін болды» [13].

Аралық сот тек Қазақстан территориясында көптеген қалаларда ауылдар мен селоларда өз қызметін атқарғаны анық. «Қазақстан территориясында және Түркістанда аралық соттар 1918 жылдың екінші жартысында пайда бола бастады. Сотты құрудың мақсаты, жаңа пайда болған жергілікті халық сотының жұмыстарын жеңілдетуге жеңіл істер аралық сотта қаралу деңгейі жоғарғы дәрежеде болды» [14, 16].

Тарихи деректерді қарастыратын болсақ аралық соттың өз дәуірінде азаматтарға дауларын шешуге өте қолайлы сот болғанын көреміз. Н. Максимов былай дейді: «Жергілікті тұрғындардың аралық (третейский) сотқа жүгінуі оларға толықтай құқық береді, егер тараптар аралық сотқа сенсе немесе сыйласа өздерінің дауларын жоғарғы дәрежеде әділетті түрде шешілуіне кепілдік беріледі» [15, 79].

Батыс Сибирьдің профессоры Н. Зеланданың пікірі: Что «бии не получают жалования, следовательно обязаны «кормиться» как старинные воеводы на Руси… вознаграждение за труд и подкуп часто незаметно переходят одно в другое и народ разучается между правым и неправым» [16, 80].

Орталықтағы қазан көтерілісінің ізімен Қазақстанда совет өкіметі орнай бастады. 1917 жылы 28 қазанда Түркістан өлкесінің саяси-әкімшілік орталығы болған Ташкентте, осыдан кейін екі күн өткенде Перовта (қазіргі Қызылорда), сосын Қазақстанның басқа қалаларында совет өкіметі орнады.

1918 жылдың наурызына Қазақстанның барлық аумағында дерлік совет өкіметі орнады.

Осы бір қиын да жауапты кезең – Қазақстандағы азамат соғысы кезеңінде сот құрылымы заңдық қағидалармен емес, көпшіліктің революциялық шығармашылығымен анықталды.

1917-1920 жылдар кезеңінде Қазақстанда сот құрылысында үлкен революциялық процесс жүрді: революцияға дейінгі ескі соттарды жою, кеңестік сот жүйесін құру.

Қазақстандағы социалистік революция буржуазиялық уақытша өкімет революцияға дейінгі сот жүйесіне ешқандай өзгеріс енгізбегендіктен, патшалық сот жүйесіне тап болды.

Халық соты қараған іс бойынша кассациялық инстанция ретінде халық сотының уақытша советі құрылды. Уақытша совет президиумының құрамы өз орталарынан шыққан халық судьялары сайлаған төрт адамнан артық болмауы керек.

Халық соттары өз қызметтерінде 1918 жылғы 30 қарашадағы РСФСР Халық соты туралы ережені және жұмысшы – шаруа өкіметінің басқа да декреттерін, сонымен қатар социалистік құқықтық сананы басшылыққа алуы тиіс болатын.

Бұл бұйрық халық сотының ұйымдастырылуы мен қызметі туралы маңызды мәселелерді қозғаған жоқ (сот коллегиясының құрамы туралы), бірақ бұл Қазақстандағы соттар тарихы бойынша алғашқы құжаттардың бірі болды. Оның мәні ең алдымен Қазақстанның кейбір бөліктерінде советтік халық соттарын құру фактілерімен анықталады. Алғаш Қазақстанның сот құрылымы мәселелері 1919 жылғы 10 шілдедегі «Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі» революциялық комитет туралы уақытша ережемен шешілген болатын.

Уездік халық соты уезд тұрғындарының ұлттық құрамын ескере отырып құрылады. Аралас тұрғындар (қазақтар мен орыстар) бар жерлерде ол екі бөлімнен тұрды: қазақ және орыс, ал бір ұлт тұрғындары басым орналасқан жерде бір бөлімнен құрылды, бірақ істі қарау барысында «мүдделі ұлт өкілдерінің мүшелері тең дәрежеде қатысатын» шартпен құрылды. Қазақтар мен орыстар мүддесі қозғалатын істер қазақ және орыс бөлімдерінің біріктірілген отырыстарында қаралды.

Істі уездік халық сотында қарау бөлім төрағалығы құрамында тұрақты халық судьясы мен кезектегі екі заседательдің қатысуымен жүзеге асуы тиіс. Уездік халық соты революциялық трибунал сотына жатқан істерден басқа барлық қылмыстық және азаматтық істерді қарады.

Істі қарау әдеттегі құқық негізінде жүргізілді. Ұрлық, өлім және т.б. жөніндегі істерді алдын ала қарау уездік халық сотының тергеу комиссиясына жүктелді.

Қырғыз өлкесінің революциялық комитетіндегі округтік халық соты уездік халық соттары қарайтын іс бойынша кассациялық инстанция ретінде екі бөлімнен (қазақ және орыс) құрылуы қажет.

Контрреволюциялық қылмыстар жөніндегі істерді қарау үшін революциялық трибуналдар ұйымдастыру қарастырылды.

Сонымен, РСФСР соттық құрылымы тәжірибесіне сәйкес шетел интервенциясы мен азамат соғысы кезеңдеріне орай Қазақстанда сот аппаратының екі саласын – халық соты мен революциялық трибунал құру қарастырылды. Бұл екіжақтылық совет өкіметіне және жаңа қоғамдық қатынастарға қарсы қылмыстармен жылдам, әрі шешуші күрес жүргізуді қамтамасыз ету қажет болған сол кездегі жағдайдың қиындығымен түсіндіріледі.

Шетелдік әскери интервенция мен азамат соғысы кезеңіндегі таптық күрес неғұрлым шиеленіскен формада болды; таптардың үстемдігі туралы мәселе ашық күреспен шешілді, бір тап екінші тапқа қолындағы қаруымен қарсы жүрді.

Трибуналдар революциялық әділ сот органы ретінде өздеріне жүктелген міндетті абыроймен орындады. Олар дүниежүзіндегі бірінші социалистік мемлекетке қарсы бағытталған соққыларды шешуші шаралармен басты, совет өкіметінің жауларын аяусыз жаншыды. Қазақстан революциялық трибуналын ұйымдастыру мен оның қызметіндегі негізгі принциптер РСФСР –дың жалпы заңдарымен анықталды.

Қырғыз өлкесін басқару туралы уақытша ереже шыққанға дейін РСФСР 1919 жылғы 12 сәуірдегі Революциялық трибунал туралы ереже әрекет етті. Осы ережемен трибуналдар контрреволюциялық қылмыстар туралы іс жөніндегі соттар ретінде совет өкіметінің жаулары үшін жаза таңдауда шек қойылмады; трибуналдағы процесс халық сотымен салыстырғанда анағұрлым жеңіл болды. Революциялық трибунал үкімдері ВЦИК – тегі Кассациялық трибуналға шағым беруге жататын болды. Барлық трибуналдар құрамы үш адамнан болды (төраға және екі мүшесі). Қазақстандағы революциялық трибуналдар да осы ережелерге сәйкес құрылды.

1919 жылы Орынборда Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитетте революциялық трибунал құрылды, соңынан Қазақстанды әскери контрреволюциялық күштерден азат ету үшін жергілікті орындарда революциялық трибуналдар құрыла бастады.

Қазақстанның революциялық трибуналдар жүйесі 1919 жылғы 10 желтоқсандағы Қырғыз революциялық комитетінің юстиция бөлімі қаулысымен анықталды. Қаулыда былай делінген: «Саяси істерді шешу үшін: Қырғыз аумағындағы алыпсатарлық пен қылмыс жөніндегі контрреволюциялық істерді шешу үшін оның салалық құрамына кіретін кассациялық инстанция ретінде округтік трибуналдар үшін Орынборда Қырғыздық Орталық Басқармасында 5 округтік трибунал мен бір өлкелік кассациялық трибунал құрылды».

Осы жүйе бойынша олардың қызметіндегі 1920 жылғы 18 наурыздағы РСФСР Революциялық трибуналы туралы ережесімен енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, революциялық трибуналдар ұйымдастыру 1920 жылдың соңына дейін жүзеге асты. 1921 жылдың қаңтарына революциялық трибуналдар Орынборда, Оралда, Семей губернияларында және Бөкей ордасында ұйымдастырылды.

1921 жылы маусымда ауылшаруашылығын қалпына келтіру жөніндегі бейбіт жұмысқа көшу кезеңінде РСФСР революциялық трибуналдар туралы жаңа ережесі шықты.

Аталған ереженің Қазақстанда қолданысқа енуі ҚССР жоғарғы трибуналымен 1921 жылы 12 тамызда шыққан Губерниялық революциялық трибуналдарды қайта құру жөніндегі нұсқаулықпен жүзеге асырылды.

Нұсқаулық бірлескен революциялық трибуналдар құрамы 9 адамнан тұратынын анықтап берді (бірлескен губерниялық революциялық трибунал төрағасы, трибуналдың әскери бөлім төрағасы, 6 мүшесі және 1 төтенше комиссияның жергілікті коллегия құрамынан 1 мүше). Трибуналдың басқарушы органы ретінде құрамына үш адам кіретін президуим қарастырылды (трибунал төрағасы, әскери бөлім төрағасы және төтенше комиссия коллегиясының мүшесі).

Нұсқаулық бірлескен губерниялық трибуналдардың төрт бөлім құрамында әрекет етуін қарастырды: негізгі, әскери, салық және көшпелі.

Осы нұсқаудың жалпы бөлімінде барлық контрреволюциялық қылмыстар, әскери бөлімге шпионаждар, әскери қылмыстық істер жатқызылды. Салықтық бөлімге табиғи салықты бұзуға байланысты қылмыстық істер қарастырылды. Көшпелі бөлім оның көшпелі сессиясы ретінде бірлескен губерниялық революциялық трибуналға қатысты барлық істерді қарай алды.

Нұсқаулықтың 13-бабында былай делінген: «Негізгі және әскери екі бөлім де бірдей, бірақ алғашқысы айыпкерге мол кепілдік береді және процестің көрсеткіштігін мақсатқа алады, ал екіншісінің репрессияны күшейту мақсаты бар, сондықтан сот өндірісінің жеңілдетілген түрі оған міндетті».

Революциялық трибуналдардың тәрбиелік рөліне үлкен мән бере отырып, Қазақ Республикасының Жоғарғы трибуналы 1921 жылы 12 тамызда былай делінген циркуляр шығарды: «Істерді ашық түрде қарастырған кейбір ревтрибуналдар іске қатысты барлық жағдайды жария етпейді және осы жағдайлармен өздері сот отырысынан тыс танысады, соның салдарынан қатысушыларға азаматтардың істерін қарау барысында шығарылған сот немесе басқа үкім мүлде түсініксіз болып жатады.

Революциялық трибуналдармен қатар 1919 жылы Қазақстанның халық соты жүйесі де құрыла бастады.

М. Шаламовтың пайымдаулары бойынша. «Қазақстандағы сот органдарының келесі жүйелері Уақытша ережемен қарастырылды: а) аралық соттар, б) уездік халық соттары және олардың тергеу комиссиялары, в) Қырғыз өлкесінің революциялық комитетіндегі округтік халық соттары, г) революциялық трибуналдар.

Уақытша ережеде аралық сот туралы былай делінген: «Қырғыздар арасындағы барлық дау-шарлар жауапкердің тұрғылықты мекенжайы бойынша аралық соттың атқарушы комитетінің ауылдық және болыстық төрағаларымен шешіледі». Аралық сот қараған іс бойынша кассациялық және бақылау инстанциялары уездік халық соты болып табылады.

1919 жылы 1 қазанда Қырғыз революциялық комитеті құрамында Қазақстанның сот құрылымы жөніндегі жұмысты басқаратын әділет бөлімі құрылды.

24 қазанда аталған бөлім 1919 жылғы 10 шілдедегі Уақытша ереженің дамуында қазақ және орыс халқына арналған аралық сот туралы арнайы нұсқаулық дайындалды. Нұсқаулық аралық сотқа жазалау мерзімі 1 жыл бас бостандығынан айыру немесе 1000 рубльге дейін (ренжіту, тіл тигізу, қоқан-лоқы көрсету, озбырлық, жала жабу, ұрлық 2000 рубльге дейін, әйелдердің тең құқылығын бұзу және т.б.) ақша қаражатын өндіріп алудан аспайтын қылмыстық істерді қарау құқығын берді.

Аралық соттар халық соттары салдарынан өзгертілген уақытша сот органдары болып табылды.

Қырғыздар арасындағы барлық дау-шарлар жауапкердің жергілікті мекенжайы бойынша болыстық, ауылдық атқару комитеттерінің төралқасында аралық сотпен шешіледі. Аралық сот шешімі кассациялық тәртіппен қырғыз уездік халық соты бөліміне шағымдануға берілуі мүмкін болды. Уездік халық соты заңгерлік бақылау тәртібімен аралық сот үкімін алып тастап, басқа құрамдағы аралық соттың қарауына қайтадан беруге құқылы.

Уездік сотқа жататын істер сотқа дейін аралық сотпен қаралып, оның шешімі уездік соттағы аралық тіркеуге жазылуын қажет етті. Алдын ала тергеу жүргізуді талап ететін тонау, кісі өлтіру және т.б. істер бойынша уездік сотта тергеу комиссиясы құрылып, іске тергеу жүргізілетін болды» [17,45-57 ].

1917-1990 жыладар аралығындағы аралық сот туралы тарихи деректерді қарастырып оларды саралай келе келесідей пайымдаулар жасауға болады.

1917-1920 жылдары қазақ зиялыларымен құрылған «Алаш-орда» партиясы аралық сот (третейскиий) сол кездегі сот жүйесінің бір бөлігі ретінде «Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы» қабылдаған уақытша ережеге байланысты қызмет атқарды.

Уақытша ережемен Қазақстандағы сот органдарының төмендегі жүйесі қарастырылды: а) аралық соттар, б) уездік халық соттары және солардағы тергеу комиссиялары, в) Қырғыз өлкелік революциялық комитетіндегі округтік халық соттары, г) революциялық трибуналдар.

Уақытша ережеде аралық сот туралы былай делінген: «Қырғыздар арасындағы барлық дау-шарлар жауапкердің мекен жайы бойынша ауылдық және болыстық атқару комитеті төрағалығының аралық сотымен шешіледі»,- дейді М.Сапарғалиев өз еңбектерінде.

М. Шаламовтың пікірі: «10 шілдедегі 1919 жылғы Уақытша ережеде қазақ және орыс халқына арналған аралық сот арнайы нұсқаудың заңдылықтарына байланысты жүргізілді. Нұсқауға байланысты аралық соттың қызметіне 1 жыл бас бостандығынан айыру немесе 1000 рубльге дейін (ренжіту, тіл тигізу, қоқан-лоқы көрсету, озбырлық, жала жабу, ұрлық 2000 рубльге дейін, әйелдердің тең құқықтарын бұзу және т.б.) ақша қаражатын өндіріп алудан аспайтын қылмыстық істерді қарау құқығын берді».

Х.С Сулайманованың пікірі: «1921-1925 жылдары қазақ ауылдарында советтік соттармен қатар би соттарының қалдықтары «ақсақалдық соттар», аралық соттың бір түрі ретінде аттарын жамылып, сот ісінің қызметін жүргізді, олар тек азаматтық істер емес, күрделі қылмыстық істерді де шариат әдет ғұрыптарына байланысты қарастырды».

Н. Максимовың пікірі: Семиречинского обласного съезда Советов (1918 г) нашала возможным предоставить каждому сельскому исполкому право организовать в случае надобности сельские третейские суды. Съезд Советов одобрил это предложение юридической секции и в своем постонавлении от 2 ноября 1918 года записал: «Для решения мелких дел создать при сельисполкомах сельские суды на третейских началах».

Түркістанда аралық соттар 1918 жылдың екінші жартысында пайда бола бастады. Сотты құрудың мақсаты, жаңа пайда болған жергілікті халық сотының жұмыстарын жеңілдетуге жеңіл істер аралық сотта қаралу деңгейі жоғарғы дәрежеде болды» деп көрсетілген «Вестник Комиссариата внутренних дел», №6.1918.- 16 с.

 Н. Максимов былай дейді: «Жергілікті тұрғындардың аралық (третейскии) сотқа жүгінуі оларға толықтай құқық береді, егер тараптар аралық сотқа сенсе немесе сыйласа өздерінің дауларын жоғарғы дәрежеде әділетті түрде шешілуіне кепілдік беріледі».

З.Ж. Кенжалиевтің пікірі: «1917-1920 жылдары кейбір даулар «жігіт ағасы» «ақсақалдармен» қазақ әдет құқығы нормаларымен тараптардың шақыруы бойынша шешілетін еді. Егер тараптар дауды шешуге келіспеген жағдайда Қазақ Ревкомындағы жергілікті Кеңестік аралық сотта дау шешілетін, аралық соттың шешімі соңғы болып саналып орындалуға жататын»

Міне осы және басқада көрестілген тарих беттерінде жазылып осы күнге дейін арнайы жинақталып қарастырылмаған еңбектерді жинақтап біз 1917-1921 жылдар аралығында Қазақстанда аралық соттар пайда болып өз денгейінде қызмет атқарған деп, жоғарыда келтірілген тарихи деректерге сүйене отырып толықтай куә бола аламыз.

Әдебиеттер

  1. Сапаргалиев.М. Возникновение и развитие судебной системы Советского Казахстана 1917-1967 гг. Алма-Ата, «Казахстан» 1971.- 464 с.
  2.  Мұхтар Құл-Мұхаммед. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. – Алматы: Атамұра, 1998.- 360-бет.
  3. Байтұрсынов А. Бұрынғы әділ билер // Қазақтың Ата заңдары. Құжаттар деректер және зерттеулер. Бағдарлама жетекшісі: С.Зиманов 10 томдық. -Алматы. Жеті- жарғы, 2001. – 1 том. 79-80 беттер.
  4. Зиманов М.З., Өсеров Н. Қазақ әдет-ғұрып заңдарына шариаттың әсері. — Алматы. Жеті- жарғы, 1998.- 128 бет.
  5. Ағдарбеков Т. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттің қалыптасуы жөніндегі ғылыми-теориялық пікірлер // Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. – Түркістан, Мамыр-маусым, 2005.- 158-164 беттер.
  6. Грешников П.Я. Опыт работы третейского суда юридического центра «IUS» и переспективы развития третейских судов в Республике Казахстан. Басин Ю.Г., Грешников П. Я., Сулейменов М.К. и др, Третейский суд: законодательство, теория и практика: Сборник статей и документов /Составитель и отв ред к.ю.н. И.П. Грешников.- Алматы: Юридического центра «IUS», 2000.-336 с.
  7.  Кенжалиев З.Ж. Дис. … докт. Юр. Наук.- А-Ата, 1986г.-205 с.(на русс. яз)
  8. Вицын А.И. Третейский суд по русскому праву, историко-догматическое рассуждение. –М.., 1856. — 110 с.
  9.  Сапаргалиев М. Отрицательное отношение казахских трудящихся масс к суду биев и казиев, нормам шариата и адата и первые декреты об их отмене. Возникновение и развите судебной системы Советского Казахстана 1917-1967 гг. Алма-Ата, « Казахстан» 1971.- 464 с.
  10. Сулайманова Х.С. Создание и развитие советского суда в Туркестанской АССР (1917-1924). Ташкент, 1954.- 25 с.
  11. 79 Декрет совета народных комиссариатов о революционном комитете по управлению киргизским краем. /Председатель Совета Народных Комииссаров В. Ульянов (Ленин) Управляющий Делами Совета Народных Комиссаров В. Бонч-Бруевич. 10 июля 1919 года.
  12. Госархив Алма-Атинской области, ф. 367, оп. 1, д. 21, лл. 16-17, 63-65; ф. 348, оп. 2, д. 14, лл. 199-200.
  13. «Советская степь» 1928, 9 января.
  14. «Вестник Комиссариата внутренних дел», №6.1918.- 16 с.
  15. Максимов Н. Народный суд у киргизов // Журнал юридического общества при имперском Санкт-Петербургском университете. 1897. Кн. 8.- 79 с.
  16. Зеленд Н. Киргизы. Этнологический очерк // Записки Западно-Сибирского отдела Русского географического общества. Омск, Кн. 7. Вып. 2. 1885.- 80 с.
  17. Шаламов М. Судебное устройства Казахстана изд. НКЮ ССР Москва — 1941.- 98 с.

About -

Leave a comment

You must be Logged in to post comment.