Қылмыстың аралас құрамы бар мүлікті иемдену
By maukazan On 10 Дек, 2012 At 05:47 ПП | Categorized As 2010, №1 қаңтар-ақпан 2010 жыл | With 0 Comments

Қылмыстың аралас құрамы бар мүлікті иемдену мен

талан-таражға салудың шегін анықтау мәселелері

В данной статье рассматриваются вопросы разграничения присвоения и растраты со смежными составами преступлений.

ҚР ҚК Ерекше бөлімінде қамтылған, қылмыстық жаза-ланатын кез-келген әрекеттің бас-қа қылмыс бөлігінен ұқсас бірқатар белгілері болады. В.Н. Кудрявцев, қылмысты саралау-дағы қиын­дықтары негізінен осы мән-жаймен түсіндірілетінін, атап өткен. Қылмыстық әрекетті дұрыс саралау үшін қылмыс пен ұқсас қылмыстар арасындағы шектеу­лерді анық көре білу керек. Әрекеттің осы түріне ғана тән белгілерін анықтап, осы әрекетке қатысы жоқ белгілерді ысырып тастап, тиісті құқықтық норма­лардың және орын алған әрекеттің мән-жайын талдауды тереңдете отырып, құқықты қолданушы осы әрекетті сипат­татын және оны басқалардан бөлектейтін белі-лердің бір ғана жиынтығын анық­тайды [1].

Өзгенің мүлкін иемденудің немесе талан-таражға салудың белгілері мен­шікке қарсы бірқатар ұқсас қылмыс­тардың белгілеріне тән. Мәселе ең алдымен ұрлық пен алаяқтық туралы ( ҚР ҚК 175 және 177 б), және алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен талан-таражға салудың белгілерінсіз, мү-ліктік шығын келтіру туралы болып отыр ( ҚР ҚК 182 б).

 Иемдену мен шығын кел-тіруге қатысты қылмыстардың құ-рамына ұрлық, алаяқтық, ерекше құнды заттарды ұрлағаны (ҚК 175, 177, 180, 179 б), қызметін ( ҚК 285 б) немесе қызмет уәкілеттігін асыра пайдалану (ҚК 201 б), озбырлық, алдау немесе сенімді асыра пайдалану (ҚК 228, 307 б) арқылы мүліктік залал келтіру жатады.

Кінәліге сеніп тапсырылған бөтен­нің мүлкін иемдену мен талан-таражға салуды ұқсас құ-рамдардан шектеу қылмыстың объективті құрамы, қылмыс құ-ралының белгілері мен объектісі бойынша, және субъект белгілері бойынша жүргізіледі.

Қылмыс құралының объектісі мен физикалық белгілері бойынша мұндай қылмыстар ҚР ҚК 253, 259, қарас-тырылған әрекеттерден ажыраты­лады, яғни, онда қылмыс құралдарына ядролық материалдар, радиобелсенді заттар, қару-жарақ, оқ-дәрі қорлары, жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар, есірткі құралдары мен психотроптық заттар жатады. Алайда, аталған заттарды ұрлаған кінәлінің әрекеті ҚР ҚК 176 б. емес, аталған заттарды ұрлағаны үшін жауапкершілік жүктейтін баптар бойынша сараланады.

Аталған баптарда ҚР ҚК 175 б. қарастырылғандай, «талан-таражды жасау әдісіне қарамастан» сөз тіркесі қажет.Қару-жарақпен немесе ҚР ҚК 253, 259, көрсетілген зат бөлігінен заңсыз әрекет жасаған тұлғалардың әрекеттерін жасалған қылмыстың іс жүзіндегі мән-жайына байланысты саралап, ниетінің қандай болғанына қарай, иемдену, шығын келтіру немесе талан-таражға салудың басқа да формаларынан ажырату керек.

Сонымен, Сошнев пен Миронов өздерінің қызмет жағдайларын пайдаланып, әскери училище тарапынан 1992ж. мамыр-шілде айларында «СКС» карабиндерін тұрғындарға өткізген кезде, қоймадан осындай карабиндердің 40 данасын ұрлап, сатып жіберген. Орын алған қылмыстарын жабу үшін, жалған құжаттар дайындаған. Осы эпизод бойынша олар ҚАЗССР ҚК 251 б. бойынша (ҚР ҚК 228) жазаға тартылды. Сонымен қатар, Сошнев, заңдалық аясында тұрғындарға карабин сату кезінде бес карабиннің бағасын көтеріп, нәтижесінде 66 920 т. заңсыз пайда тауып, иемденіп кеткен.

Бұл әрекеттер қаруды алуға емес, ақшалай құралдарды иемденуге бағытталған, соған байланысты, әрекеттер алаяқтық деп сараланды.

 Қылмыстық әрекет құралында тұлға қателескен жағдайда оның әрекеті оның ниетінің бағыттылығына қарай сараланады. Мысалы, кінәлі иемдену арқылы соданы ұрлағысы келді, бірақ, қателік жіберіп, соған сырттай ұқсас героинді ұрлап алады. Бұл жағдайда оның іс-әрекетінде ҚР ҚК 229б. қарастырылған, қылмыс құралы нашалық құралдар болып табылатын, ал мүлікті айналдыру тәсілі кінәлінің немесе өзге де тұлғалардың пайдасына шешу – аталған қылмыстық-құқықтық нормамен қамтылатын иемденуге жататын, қылмыстың белігілері бар. Алайда, кінәлінің ниеті бұл мән-жайларды қамтымағандықтан, оның әрекеті ҚР ҚК 176 б. қарастырылғандай, аяқталған қылмыс деп сараланады. Келтірілген мысалда, сеніп тапсырылған мүлікті иемденуге деген талпыныс болмайды, себебі, іс жүзінде меншікке қатысты шығын келтірілген.

Қылмыс құралын заңдылық тұрғысынан алғандағы иемдену мен шығын келтіру ең алдымен ұрлықтан, яғни, құпия талан-таражға салу мен алаяқтықтан – алдау арқылы немесе сенімді асыра пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін ұрлаудан айырмасы бар.

Ұрлық, ҚР ҚК 175 б. сәйкес, — бөтеннің мүлкін құпия түрде ұрлау. Ұрлықтың объектісі мен құралы иемдену мен шығын келтіруге және талан-таражға салудың кез-келген формасына ұқсас. Айырмашылық – қылмыстық қолсұғушылыққа алып келген, заттың физикалық ерекшеліктерінде емес, тек оның заңдылық мәні ғана. Бұл зат кінәлінің заңды иелігінде емес, себебі, заңдылық аясына қарсы болмайтындай тәртіпте оған сеніп тапсырылған.

Ұрлықтың объективті жағы, иеленуге немесе ысырап етуден айырмасы, бөтеннің мүлкін заңға қарсы және қайтырымсыз алып қойып, оны кінәлінің немесе өзге де тұлғаның пайдасында ұстауда болып отыр. Осы зерттеу, сеніп тапсырылған затты кінәлінің немесе басқа да тұлғаның пайдасына алып қою ұрлықты болдырған, былайша айтқандағы статикалық мүлік болғанда ғана орын алмақ. Былайша айтқандағы динамикалық мүлікті иемдену, сондай-ақ бөтеннің мүлкін талан-таражға салса, бұл мүлік алынбайды, тек қана кінәлінің немесе басқа да тұлғалардың пайдасына беріледі.

Ұрлықтан сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе шығын келтіру бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуді жүзеге асырған субъектінің белгілері бойынша ерекшеленеді. КСРО Жоғары Соты Пленумының 1984 ж. 15 қарашадағы №21 «Социалистік меншіктің сақталуы үшін күрестегі, кәсіпорындар мен агроөндірістік кешендердегі ұйымдардағы мемлекеттік, келісім-шарт және еңбек тәртібін бекітудегі соттардың рөлін әрі қарай арттыру» қаулысында былай атап көрсетілген: «… астықты және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін жинауда және егін алқабынан токқа немесе сақтау қоймасына жеткізгенде, оны өз меншігіне немесе басқа тұлғалардың меншігіне айналдыруды көздеген комбайнерлердің, жүргізушілердің, тракторшылардың, тасымалшылардың әрекеттері мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті ұрлағаны үшін жауапкершілікті қарастыратын, ҚК 176 бабы бойынша сараланады. Егер бұндай әрекеттер тауар-көлік накладнойы немесе өзге де құжаттар негізінде шопырдың, тракторшының, жеткізу үшін тасымалшының иелігіне сеніп тапсырылған өнімге қатысты жасалса, онда бұл әрекеттерді мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті иелену немесе шығын келтіру ретінде сараланады» [2].

Иелену немесе ысырап ету арқылы бөтеннің мүлкін ұрлаған тұлғалардың әрекеті алаяқтықпен бара-бар ететін бірқатар белгілері бар. ҚР ҚК 177 б. қарастырылған қылмысты жасағанда кінәлі бөтеннің мүлкін өзі ұрламайды, өз еркімен алаяқтың қолына өз мүлкін беретін, зардап шегушінің қолынан алдау арқылы немесе сенімді асыра пайдалану арқылы алады.

Алаяқтық, иелену мен ысырап етуге қарағанда, кінәлінің заңға қайшы келсе де, алдау арқылы немесе сенімді асыра пайдалану арқылы бөтеннің мүлкіне иелік ету туралы айтқанда, бұл құралсыз қылмыс болуы да мүмкін.

Мүлікті жалға алған, кейінірек сол мүлікті қай бөлігін алуды қамтамасыз етуге бағытталған әрекет арқылы оны иемденген тұлғалардың әрекеті бөтеннің мүлкін талан-таражға салуға жақын әрекет болып саналады. Әдетте, сот-тергеу істері аталған әрекеттерді жасаған тұлғалардың әрекетін бөтеннің мүлкін иемдену ниеті қашан пайда болғанына қарай, бағаланады. Егер ниет иелік етуден бұрын пайда болса, онда кінәлінің әрекеті иемдену немесе шығын келтіру емес, алаяқтық ретінде қарастырылады. Егер ниет кейінірек пайда болса, онда бұндай қатынастар азаматтық заңдылықпен реттеледі [3]..

Әсіресе, бөтеннің мүлкін иемдену мен оны алдау арқылы немесе сенімді асыра пайдалану арқылы талан-таражға салудың шегі туралы мәселе, күн тәртібінде тұр. Кінәлі заңды немесе заңсыз әрекеттер жасау үшін, өзі делдал болмақ ниетпен, яғни, ақшаны, басқа да құндылықтарды өз қолымен беру мақсатында басқа тұлғаға тиісті лауазымды тұлғаға пара беруді немесе коммерциялық немесе басқа да ұйымда басқару функциясын атқаратын тұлғаны коммерциялық пара беріп сатып алуды ұсынады. Аталған ақшаны не өзге де құндылықтарды алып, белгіленген соманы тиісті тұлғаға беру ниеті болмағандықтан, кейіндері оны меншік иесіне қайбөлігін алуды қамтамасыз етіп, ол оны иемденіп кетеді. Бұл жағдайда «пара беруші» тиісті лауазымды тұлғаға пара беру мақсатында немесе кейінірек нақты игіліктер алу үшін немесе жеңілдіктерге қол жеткізу үшін, коммерциялық немесе басқа да ұйымда басқару функциясын атқаратын тұлғаны пара беріп сатып алу үшін өз ақшасын кінәліге береді. Бұл жағдайда ол былайша айтқандағы делдалдың бар қызметі ақша берумен аяқталады деп ойлап, оның әрекетін күтеді. Бұл айтылған жағдайда, басқа біреуге беру үшін берілген бұл ақшаны, заттарды немесе өзге де құндылықтарды сеніп тапсырылған деуге келе ме? Солай деп толығымен сенімді түрде айтуға болады. Кінәліге заттар түрлі операциялар жасау үшін сеніп тапсырылды: сақтау, тасымалдау, беру, жүзеге асыру және т.б. Алайда, оның әрекеті ақшаны алдау немесе сенімді асыра пайдалану арқылы қолға түсірілген деп сараланып, алаяқтыққа жатқызылады.

Сол себепті, айтылған жағдайларда бірінші тұлғаның әрекеті сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе оған шығын келтіру деп сараланбайды, пара беру немесе коммерациялық мақсатта пара беріп сатып алуға арандатушылық немесе алаяқтық деп, ал, ақшаны беретін екінші тұлғаның әрекеті – жоғарыда аталған қылмыстың біріне апаратын қадам деп сараланады.

Сол себепті сотқа пара ретінде ақша бермек ниетпен, клиенттен ақша алып, оны өзі иемденіп кеткен адвокат Конопатов, қызмет бабын пайдаланып, пара беруге арандатушылығы үшін алаяқтығы үшін әділ жазаланған [4]…

Бөтеннің мүлігін иемденумен оны ысырап ету мен бара-бар әрекет алдау немесе сенімді асыра пайдалу арқылы мүліктік залал келтіру болып табылады (ҚР ҚК 182 б).

Қылмыстық озбырлық тақырыбы бойынша да шектеу қойылады. Мысалы, егер кінәлі электр энергиясын, жылуды және т.б. «ұрлайтын» болса, оның әрекеті материалды әлемнің заттары ретіндегі қылмыс құралының болмауы себепті, ұрлық деп сараланбайды.

Иемденгенде немесе ысырап келтіргенде, ұрлықтың кез-келген формасындағы сияқты, кінәлінің әрекетінен пайдасынан айырылу түріндегі үлкен залал келтіру мүмкін емес.

ҚАЗССР Жоғары Сотының 1980 ж. 23 желтоқсандағы Пленумының «көліктегі ұрлық туралы істерді қарағандағы соттардың заңдылықты қолдану тәжірибесі туралы» қаулысының 6 т. сәйкес, жол жүру, жүктерін жеткізу және басқа да көліктік қызметтер үшін азаматтардан ақша алып, оны өздері иемденген көлік жұмыскерлері болып табылатын және қызмет бабына қарай уәкілетті болып келетін тұлғалардың әрекеттері бөтеннің мүлкіне қол сұққан деп саралануы тиіс. Бұндай уәкілеттігі жоқ, азаматтардан билетсіз немесе заңсыз, құжаттарды толтырусыз жүргені, жүкті тасымалдағыны үшін ақша алып, оны өз пайдасына асырған көлік қызметкерлері алдау арқылы мүліктік залал келтіргені үшін қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс[5].

Сондай-ақ, бір жағынан иемдену және ысырап ету арқылы ұрлық жасалса, екінші жағынан – ҚР ҚК 201 және 285 б. қарастырылғандай, қылмыстық субъектілердің белгілері бар тұлғалар қиянат жасаса, онда олардың шегін ажыратуда қиындықтар туындайды.

«Бөтеннің мүлкі бойынша уәкілетті асыра пайдалану жолымен бөтеннің жылжымайтын мүлкін заңсыз иемденуді саралау- күрделі мәселе», — дейді И.А. Клепицкий. Тәжірибе жүзінде бұндай әрекеттер иемдену немесе шығын келтіру деп қарастырылмайды. Әдетте, «қиянат келтіру» туралы нормалар қолданылады: қызмет бабын немесе уәкілеттікті асыра пайдалану (ҚК 307 және 308 б). Бұл қылмыстар құрамының белгілері болмаса сенімді асыра пайдалану жолымен мүліктік зиян келтіру туралы жалпы норманы қолдануға да болады (ҚК 182 б). Бұл әрекеттердің алаяқтықпен және бопсалаушылықпен ұқсастығы мынада: бұл жағдайда кінәлі де уәкілеттігін асыра пайдаланып, мүлікке өз «құқығын» рәсімдеуі мүмкін. Бұл әрекеттерді ұрлық деп бағалауға саятын аргументтер, себебі, кінәлі бөтеннің мүлкін жәй ғана заңсыз иеленіп қоймайды, оны өз пайдасына иемденеді немесе бөтеннің иеленуіне береді» [6].

Бұл тұрғыдан ҚР Жоғарғы Сотының іс тәжірибесінде болған оқиғаны айта кетуге тұрарлық: ОВД тергеушісі П., қызмет бабын асыра пайдаланып, құқық қорғау органдарының мәртебесін түсіріп, пайдакүнемдік мақсатта қызмет бабындағы жалғандыққа барып, мемлекеттік мүддеге зиян келтіргені үшін ҚР ҚК 175 б.1 бөлігі және 176 б. жазаға тартылды. Қылмыстық істі тергеу кезінде, П., бұлтартпау шарасы ретіндегі аманат түрінде 2 млн тенге көлемінде ақша алған. Кейінірек, қызмет бабын асыра пайдаланып, бұл ақшаларды өзінікі сияқты пайдаланған, істі сотқа жібергенде ОВД кассасына 2 млн. тенге салатыны туралы, кассалық-кіру ордеріне түбіртекті толтырған. Және түбіртекке гербті мөр басып, бас есепшінің қолын қойған. Кінәліге қатысты үкім шығарылғаннан кейін, оның талабы бойынша ақша тергеу бөлімінің бастығына қайтарылды.

П.әрекетінде ҚР ҚК 307 б (ҚР ҚК 176 б) қарастырылған қылмыстың белгілері ғана қаралады, себебі, ақша құралдары кінәліге сеніп тапсырылған, оларды кінәлі соттың депозитіне өткізуі керек еді, бұның орнына өзі иемденіп кеткен, яғни, ысырап еткен. Қызмет бабын асыра пайдалану мен қызмет бабындағы жалғандық аталған қылмысты жасаудың тәсілдері болып табылады. Алайда, осы қылмыстық істің материалдары бойынша П.бөтеннің мүлкін қайтарусыз алып қойғаны дәлелденбеді, соған байланысты, кінәлінің әрекеті ұрлық деп сараланды.

Г.Н.Борзенков «азаматқа келтірілген көлемді залал» және «үлкен көлемдегі ұрлық» түсініктерінің сәйкес келмейтіндігін атап өтеді, бұндай жағдайлар сот тәжірибесінде коллизияға алып келеді. «Кейде, — дейді ол, — зардап шегушінің материалдық жағдайының жоғары болуын ескеріп, ұрлық көлемі еңбек ақысының 500 минималды көлемінен асатын болса да, сот оған келген залалды,үлкен көлемді деп бағалай алмайды. Бұндай жағдайларда жасалған әрекетті ауыр белгісі бойынша саралау қажет – ҚК 175б. 3 бөлігі. «б» т. бойынша. Егер де ірі көлемді ұрлық азаматқа келтірілген көлемді залал деп табылса, онда бұл әрекет ҚК 175 б. 3 бөлігі. «б» т. сраланады, бірақ, үкімнің сипаттау бөлімінде аталған белгілері атап көрсетілуі тиіс».

С.Ф.Мулюков ҚР ҚК 177 б. келесідей редакцияны ұсынады: «177 бап. Қызмет бабын пайдалану жолымен иемдену немесе ысырап ету арқылы ұрлық жасау.

1. Кінәліге сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету де, кінәлінің қызмет бабын пайдаланып бөтеннің мүлкін ұрлаумен пара-пар..».

Аталған баптың 2 бөлігі. «в» пунктін алып тастауды ұсынады, яғни кінәлінің қызмет бабын пайдаланып бөтеннің мүлкін ұрлауын ҚАЗССР 1960 ж. ҚК 92 б. қарастырылғандай, ұрлықтың жеке формасы деп тану қажет. Осыған орай «…көптеген жылдар бойы қолданылып келген тәсілге қайта бұрылғанымыз, және ҚР ҚК 176 б. қазіргі редакциясындағы рационалды тұсын сақтап қалғанымыз жөн. Мәселе, лауазымды тұлғалардың қызмет бабын пайдаланып, бөтеннің мүлкін алып қоюы туралы ғана емес, мемлекеттік басқа да қызметкерлердің немесе мемлекеттік емес құрылымдардағы басқа қызмет атқарушылар туралы да болып отыр».

С.М. Кочои де осы пікірді ұстанады, ол былай деп атап көрсетеді: « Иемденудің немесе ысырап етудің бұл белгілерінің мәні соншалықты анық емес. Бұл қылмыстардың негізгі құрамының субъектісі – материалды жауапты тұлға – және, соларды атқарып, өзінің қызмет бабын пайдаланады. Егер де заң шығарушы лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 176 б. 2 бөлігі. «в» т ескеретін болса, онда бөтеннің мүлкі олардың бәріне бірдей сеніп тапсырылмайды, және ол бұндай тұлғалардың пайдалануында емес.

Алайда, бұл жағдайда соңғысы иемденудің немесе ысырап етудің субъектісі болып танылмайды».

Өз қызмет бабын пайдаланған тұлға оған сеніп тапсырылмаған, бірақ, оның пайдалануындағы бөтеннің мүлкін иемденеді немесе ысырап етеді деп саналады. Сол себептерге байланысты, кінәліге сеніп тапсырылған мүлікті атап көрсетумен қатар, кінәлінің пайдалануындағы мүлікті де көрсетуді қарастыратындай, ҚР ҚК 176 б. редакциясын өзгерткен дұрыс болар еді. Қызмет бабын пайдалану арқылы ұрлық жасауды ұрлықтың жеке формасы ретінде бөліп көрсетуге бола қояр ма екен, себебі, қызмет бабын пайдалану арқылы ғана ұрлық жасау мүмкін емес – қызмет бабын иемденуге немесе ысырап етуге жәрдемші ретінде ғана қолдануы мүмкін.

Әдебиеттер

  1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений. — М., 2001. — С.126.
  2. Нұрмашев Ү.У. Қылмыстық құқық ерекше бөлім. — Алматы, 2008 .
  3. Белокуров О.В.Ответственность за хищение, совершенное путем присвоения, растраты и злоупотребления служебным положением: Автореф.дис.юрид.наук. — М., 1991.
  4. Волженкин Б.В. Квалификация хищений государственного или общественного имущества путем присвоения, растраты или злоупотребления служебным положением. — Л., 1987.
  5. Гаухман Л.Д. Квалификация преступлений: закон, теория, практика. — М., 2001.
  6. Борзенков Г.Н. Ответственность за мошенничество. — М., 2005.

About -

Leave a comment

You must be Logged in to post comment.