Англо-саксондық құқық жүйесіндегі әкімшілік процесс
By maukazan On 10 Дек, 2012 At 04:04 ПП | Categorized As 2010, №1 қаңтар-ақпан 2010 жыл | With 0 Comments

К. Р. Балабиев,

к.ю.н.

Еркін адамды лауазымды тұлғаның қысым көрсетуінен қор-ғау мәселесі Ежелгі Грекия және Ежелгі Рим мемлекеттерінде пайда болған. Мұнда, субъективті құқық туралы мәселелер теориялық тұр-ғыда қарастырылмағанымен, тәжі-рибе түрінде тұлғаның бостандығы аса құнды дүние деп танылып, басқарушылардың озбыр әрекет-терінен қорғалып отырған.

Афины қаласында тұлға ер-кіндігіне қол сұқпау құқығы заң-мен қорғалған. Әрбір жоғарғы ла-уазымды тұлға қызметке алыну барысында сот үкімінсіз тұтқынға алмайтындығы туралы ант берген. Республикалық кезеңдегі Рим та-рихында апелляция жасау құқығы бекітілген, ол бойынша, консул, претор немесе басқа да лауазымды тұлғадан қысым көрген әрбір еркін рим азаматы оны қияндықтан қорғау үшін еркін жиналысқа (кейіннен — халық трибунасына) жүгіне алған. Тұтқынға алынған жағдайда да римдік азаматы апелляция жасауға құқылы болған, мұндай жағдайларда халық жина-лысы тұтқынға алынған адам-ның өтініштерін тыңдай отырып, оны тұтқынға алудың дұрыстығын не-месе босату қажеттігі жөнінде қаулылар шығарған. Мен — рим азаматымын деген айқындаманың мәні бойынша әрбір азамат билік тарапынан жасалатын қияндық-тардан қорғалғанын білдіреді. Яғ-ни, ежелгі Грекияның қала полис-терінің және республикалық Рим-нің заңнамасы лауазымды тұлға – азамат қатынастарын реттеп отырған.

Әкімшілік әділет элементтері орта ғасырда да кездеседі. Англияда ХІІ ғасырдың ортасында ірі жер иелену­шілерден сайланатын судья, басқару және әкімшілік әділет функцияларын ұштастырып отыр-ған. Ағылшын судьялары ха-лықтың салық, полиция және басқа да мемлекеттік органдармен даула-рын шешіп отырған.

Франция, Германия, Италияда феодализм дәуірінде жеке тұлғалардың шағымын, шешім шығаратын жалпы соттар қарастырған. Орта ғасырлық Францияда, жоғарғы соттық-әкімшілік мекеме қызметін, мемлекеттің барлық провинцияларындағы қызметті атқаратын парламенттер іске асырған

Танымал құқықтанушы Ф.В. Тарановский осы мәселе бойынша былай деп жазады: «Парламентер жалпы соттық құзырдағы жария құқықтың даулы мәселелерін шешетін әкімшілік әділет органдары болып табылған».

Жоғарыда айтылып кеткендердің негізінде, профессор Б.Ж. Абдраимов, «азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған жағдайларда әкімшілік соттар пайда болады. Әкімшілік әділет ерекше құқықтық феномен ретінде билік және кәсіпкер арасындағы тепе-теңдікті сақтап, мемлекет тарапынан заңсыз қысым жасаудан қорғайды» деп қорытындылайды»[1].

Жаңа кезең тарихында тек саяси жүйелер, конституциялар, қоғамдағы мемлекеттік құқықтар ғана өзгерістерге ұшырып қоймай, сонымен қатар барлық құқықтық жүйе, әсіресе жария құқық эволюцияға ұшырады.

ХХ ғасырдағы батыстың материалдық және іс жүргізу құқығының барлық салаларының түрі және мазмұны да өзгерді. Ол енді қоғам өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік алды. Бұл жаңарулар ең алдымен, постиндустриалды даму сатысына өткен қоғамның дамуына байланысты болды. Қазіргі заман кезеңіндегі құқық, ақпараттық және ғылыми-техникалық революцияға және жаңарған экономикаға байланысты жаңа қоғамдық міндеттерді, әлеуметтік шиеленістерді шешуде пайдаланылды.

Қазіргі заман жағдайындағы құқық, профессор О.А. Жидков пікірінше, тек әлеуметтік саяси құрылымды қорғауға ғана бағытталып қоймай, қоғамды және қалыптасқан демокртаиялық дәстүрлерді сақтай отыра, жаңа қоғамдық қажеттіктерге байланысты өзгертуге бағытталған [2]. Сондықтан да қазіргі заман тарихындағы батыс елдерінің құқығындағы өзгерістер тек таптық жағдайда ғана байқалып қоймай, құқықтың жалпы әлеуметтік және жалпы реттеу функцияларынан көрінеді. Дамыған елдердің жаңартылған құқығында (әсіресе ХХ ғ екінші жартысында-ХХІ ғ басында) әлеуметтік саясатқа деген ұмтылыс бар. Мұнда өз тәжірибелеріне және әлемдік өркениеттің жетістіктеріне, оның ішінде-ролі артып келе жатқан әкімшілік-құқықтық қатынастарды реттеу салаларында бейілділігін сақтауы байқалады.

Бұл негізінен, ХХ ғ нормативтік актілер есебінен құқық көздері құрылымының кеңейуіне байланысты болған. Шындығында, заңнаманың дамуына қарамастан, құқықтық материалдардың басым бөлігінде атқарушы билік актілерінің салмағы басым болған. Заң және заңға тәуелді актілерінің ара -қатынасындағы бұл өзгерістерге, парламенттің құқықтарын заңнамалық құқықпен шектеуге жағдай туғызған бірқатар елдер мен конституциялар әсер еткен (мысалы, 1958 ж Француз Конституциясының 34 бабы). Көбінесе заңдардың өзін де парламент жалпы түрде қабылдайды және ол ары қарай нормативті нақтылауды қажет етеді.

Батыстың барлық мемлекеттеріндегі президенттік және үкіметтік декреттер, жарлықтар және министрліктер регламенттері, басқа да әкімшілік актілердің түрлері, ұдайы өзгерістегі қоғам жағдайына бейімделуші маңызды құралға айналған. Үкіметтік және басқа да әкімшілік актілердің (мамандандырылған комиссия, «тәуелсіз» агенттіктер ж.т.б.) ролінің арту процесі, парламенттік жүйе әлсіреген, атқарушы аппараттың өкілдік органдардың бақылауынан шығуы жағдайында ұдайа түседі, бұл ең алдымен тоталитарлық және авторитарлық мемлекеттерге тән.

Үкіметтік норма шығармашылығы өкілеттілік берілген заңнама түрінде дамып, оны парламенттің санкциясымен және ресми бақылауымен қабылдаған. Профессор О.В. Жидков пікірінше, бірқатар елдерде үкіметтік биліктің және бюрократияның ролінің артуына байланысты нормативтік әкімшілік актілермен қатар әкімшілік тәжірибе де құқық шығармашылық сипатында болып отыр. Үкіметтік және басқа да атқарушы органдардың әкімшілік шешімі, бірқатар жағдайларда нормативтік күші бар әкімшілік прецеденттердің құрылуын тудырады.

ХХ ғасырда әкімшілік әділет, әкімшілік құқықтың және басқару теориясының құқықтық аспектілерінің дамуындағы маңызды мәселеге айналды. Шет ел құқық ғылымында әкімшілік әділет ретінде, «әкімшіліктің қызметін бақылау жүйесі, мемлекеттік басқару аумағындағы дауларды шешудің ерекше түрі» қарастырылады. Мұндай жағдайлардағы мүдделі тұлғалардың шағымдарын қарастырудың нәтижесінде заңсыз әкімшілік актілердің күші жойылады немесе қайта қарастырылады.

Әкімшілік әділеттің пайда болуын құқықтық мемлекеттің доктринасымен және биліктің бөлінуі теориясымен байланыстырады. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ буржуазия идеологтарының саяси іліміндегі қалыптасқан биліктің бөлінуі принципі, буржуазиялық заңдылықтың бекітілу процесінде тарихи маңызды, прогрессивті роль атқарды. Дегенмен, кейіннен оны өкілділігі жоқ органдардың қолында биліктің шоғырлануының дәйектілігіне негіз болып, басқа да органдардың, әсіресе соттардың араласуынан оғаштауға пайдаланылды. Сондықтан да арнайы әкімшілік әділетті құру француз мемлекет танушысы М. Ориу пікірінше, «әкімшіліктің сот билігінен бөлінуінің алғашқы салдары болды» [3]. Кеңес ғылымында осы бөліністің мағынасы кереғарлыққа ұшырады, А.Т. Боннердің пікірінше, «мұндай жүйе әкімшіліктің толық дербестігін сақтап, оның қызметін сот шешіміне тәуелсіз етуге жол бермеу керек. Қазіргі кездегі әкімшілік құқық ғылымы әкімшілік әділеттің «басқаруды қорғау» мақсатын толық мойындайды » [4].

Әкімшілік сот төрелігі, шет ел құқықтық доктринасында әкімшілік, нақтырақ айтқанда жария құқықтың ерекше саласы ретінде қарастырылады. В.Г. Графский сипаттамасы бойынша, «жария құқық арқылы (сонымен қатар конституциялық) бюрократияға жол берілмейді» [5].

Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде, басқа да конституциялық, азаматтық, қылмыстық процестер сияқты, заңдылық кедергіге ұшырауы мүмкін. Осы тұрғыда жергілікті немесе аймақтық билік мекемелерінің қызмет бабын теріс пайдаланғаны және лауазымды тұлғалардың қателіктері үшін жалпы және нақты жауапкершілігі бастау алады. Осы жерде қоғамның мүддесінің министрлік актілер және міндетті қаулылармен ара-қатынасы басталады. Қызметтің ерекше түрі, сот автономиясы аппаратының, мемлекеттік басқару жүйесіндегі алуан түрлі жартылай әкімшілік-жартылай соттық мекемелерді бақылауының, жария құқық принциптері мен талаптары бойынша бақылаудың жаңа міндеттеріне бейімделуіне байланысты.

Дегенмен, әкімшілік құқықтың оқшаулану тенденциясы кең тарамаған. Қоғамдық өмірге үкіметтің араласуының артуы әкімшілік құқықтың оқшаулануын және әкімшілік-іс жүргізу құқығының қалыптасуын тудырғанымен, құқықтық реттеудің, азаматтық-құқықтық (диспозитивті) және әкімшілік (императивті) әдістерінің тығыз байланысуы тенденциясы да байқалып отыр. Бұл әкімшілік және азаматтық құқықтың алшақтығын жояды.

Басқару процедураларын реттеуге қатысты заңнаманың дамуы, ұлттық құқықтық жүйенің күрделенуін ғана тудырып қоймай, түрлі мемлекеттердің құқықтық жүйесінің өзара байланысын арттырады. Экономика және саясаттағы интеграциялық үрдістер түрлі мемлекеттердің құқығының бірыңғайлығын тудырып, бұрынғы континенталды және англо-саксон құқықтық жүйелерінің арасындағы алшақтықтарды жоя бастады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда түрлі құқықтық жүйелерде, әкімшілік-құқықтық дауларды шешу және әкімшілік процесс бойынша доктриналдық, ұйымдастыру-құқықтық және іс жүргізу жақтарының түрлі әдістері қалыптасқан. Барлық органдардың, атқарушы биліктің лауазымды тұлғаларының қызметінің және әкімшілік процестің барлық кезеңдерінің, барлық істердің реттелуінің іс жүргізулендіру дәстүрі қалыптасқан шет ел мемлекеттеріндегі атқарушы билік органдарының қызметін заңмен реттеу тәжірибесі аса қызығушылық тудырады.

Әкімшілік құқық ғылымында әкімшілік әділет жүйесінің үш түрі ерекшеленеді: неміс, англо-американдық және француз (профессор Б.Ж. Абдраимов тек екі — англо-саксон және континенталды түрін қарастырады).[1] Англо-саксон үлгісін қарастырудан бастайық.

Англо-саксон (немесе англо-американдық) үлгісі құқықтың прецедентті жүйесі бар елдерге тән (Ұлыбритания, АҚШ). Бұл елдерде, тұлға және мемлекеттік органдардың құқықтық теңдік принципі басым, яғни басқару саласындағы барлық даулар «жалпы құқық соттарына» соттылы. Англия, М.А. Лозин-Лозинский пікірінше, — бұл «әкімшілік өкімдерге қарсы азаматтардың құқықтық дауын сот бойынша шешу институтының отаны», мұнда, үкімет тәуелсіз соттың алдында жауапкер түрінде қарастырыла алады.

Қазіргі кезде классикалық англо-американдық үлгі өзгерістерге ұшырауда, өйткені жалпы құқықтағы соттар процесі баяулығына, формализмдігіне, қымбатқа түсуіне байланысты азаматтар үшін қиындық туғызып отыр. Ф. Ридли осы мәселе төңірегінде былай деп жазады: мұнда басқарудың заңсыз актілерін даулаудың жаңа түрлері пайда болып отыр, атап айтқанда: парламент депутаттарына жүгіну артып, қаржы, әлеуметтік қамтамасыз ету, көлік, ауыл шаруашылығы, еңбек қатынастары бойынша мамандандырылған әкімшілік соттар құрылуда, әкімшілік істер бойынша Парламенттік уәкілдің уәкілеттілігі кеңейіп, білім, медицина, полиция саласында квазисоттық органдар дамуда.

Британдық әкімшілік құқық доктринасының жалпы соттарға жалпы ведомствалық бағыныстылық идеясынан бас тартуы квазисоттықпен қатар кейбір әкімшілік-соттық инстанциялардың құрылуын тудырды. ХХ ғ басында әкімшілік –құқықтық дауларды шешудің британдық жүйесін сипаттай отыра, орыс ғалымы П.Г. Виноградов былай деп жазды: «Тәуелсіз сот билігі мұнда, қылмыстық және азаматтық сот төрелігіндегі сияқты бюрократтыққа жол бермейді, ол әкімшілік дауларды шешудің бітістірушісі» [6].

Ұлыбританияның әкімшілік-іс жүргізу құқығының бірқатар ерекшеліктері бар. Олар: парламенттің үстемдігі, әкімшілік және сот арасындағы уәкілеттіліктің бөлінуі, министрліктердің жауапкершілігі, құқық үстемдігі, әкімшілік процесте бейресми процедуралардың қолданылуы.

Ұлыбританияның жоғарғы мемлекеттік органы ретінде парламент заңдарды қабылдайды, елдің құқығын, оның ішінде әкімшілік құқықты қалыптастырады. Қолда бар фактілерді пайдалана отырып әкімшілік шешімдер шығарып, заң шеңберінде әрекет етеді. Сонымен қатар, Ұлыбританияның министріктері және ведомствалары заңды тұлғалар болып табылады, оларға да сотта талап қойылады. Соттар, әкімшілік тарапынан жәбір көрушінің шағымын қарастыру барысында, американдық құқықтағы сияқты, басты назарды құқық мәселесіне аударады. Ол әкімшілік іс әрекетінің құқық нормасына қайшы келмегенін, өкілеттілігін асыра пайдаланбағанын, билікті теріс пайдаланбағанын бақылайды. М.А. Суворовтың пайымдауынша, заң шеңберінде іс әрекет ететін соттардың заңды үстемдігі қамтамасыз етіледі [7].

Ағылшын конституциялық құқығын зерттеуші ірі ғалым А.Дайси пайымдауынша, құқық үстемдігі, әкімшіліктің билікті теріс пайдалануына жол бермеуімен, ел азаматтарының барлығының заңға және соттарға бағынуымен, соттардың азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауымен айқындалады.

Ағылшындардың ойынша, әкімшілік құқықтың басты міндеті-тиімді әкімшілік билікті тудыру қажеттігі және осы биліктен жекелеген тұлғаларды, қоғамды қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Осы құқықтық нормаларға сәйкес әкімшілік биліктің шегі, оның субъектілері және қызметінің процедуралары бекітілуі тиіс.

Мемлекеттік мекемелердің нормативті актілерді қабылдау процедуралары баяу формализмденген. Бейресми процедуралар, әсіресе кеңестер өткізу және қоғам өкілдері құрамында бар тәуелсіз кеңесу комитеттерін құру кең тараған. Әдетте нормативті актілерді қабылдау барысында мүдделі тұлғалар мен ұйымдар өкілдерімен ұзақ келіссөздер жүргізіліп, кездесулер мен кеңестер өткізіледі. Тек жекелеген жағдайларда ғана заң, әкімшілікті шығарылатын актілерді жариялап, мүдделі тұлғалардың пікірін тыңдауға, істі ашық түрде қарауға міндеттейді. Орталық және жергілікті органдардың қызметін, норма шығармашылығын парламент және соттар бақылайды.

Әрбір мүдделі тұлғаның әкімшіліктің іс әрекетін сотта даулауға құқығы бар. Соттар шағымды екі жағдайда қабылдайды: 1) егер де әкімшілік заңмен қарастырылған өкілеттілігін асыра пайдаланылса, 2) егер де мекеме өз өкілеттілігі ауқымында іс әрекет еткенімен, құқық нормаларын дұрыс қолданбаса. Олар әкімшіліктің барлық заңсыз әрекеттерінің күшін жоя алады. Талқылау барысында, фактілер түріндегі әкімшіліктің қорытындыларымен қатар, әрбір нақты жағдайларда құқық нормаларын қолдануының дұрыстығы да ескеріледі.

Британ соттарының қызметінде әділетті процедура қағидаты іргелі қағидат болып табылады. Оның екі негізгі ережесі бар:өз ісін ешкім таразылай алмайды және ешкімді де ісін толық қарастырмай соттауға болмайды. Бірінші ережеге сәйкес соттар әділетсіз әкімшілік шешімдердің күшін жояды. Екінші ереже мекемелерде істі әділетті қарастыруды, тыңдауды талап етеді. Мүдделі тұлғалар хабардар етіліп, тыңдалуы тиіс [8].

Америка Құрама Штаттарындағы әкімшілік-құқықтық даулардың теориялық сипаттамасын беруде, ең алдымен алғашқы әкімшілік юрисдикция доктринасына соқпай кетуге болмайды. Бұл доктрина бойынша, әкімшілік орган өз саласына байланысты мәселелерге келгенде ғана соттардан басымырақ болады. Дегенмен де, құқықтық мәселелерді шешу тес соттың басымдығына кіреді.

АҚШ заңнамасы әкімшілік мекемелердің уәкілеттілігін және іс әрекет тәртібін, соттардың әкімшілікке бақылау жасауын реттейді. Олар толық түрде әкімшілік қызметтің барлық түрін: әкімшілік норма шығармашылығын, әкімшілік квазисоттық қызметті, соттардың әкімшілікке бақылау жасауын реттейді. Әкімшілік мекемелердің барлық іс әрекеті, заңмен қарастырылған ескертпеден басқа жағдайларда әкімшілік құқық нормаларына бағынады. Тергеу жүргізуден және мәлімет жинаудан, нормативті немесе жеке актілердің жобасын дайындаудан, ашық мәжілісте оны қарастырудан, ол бойынша шешім қабылдаудан, осы шешімді жариялаудан бастап, жоғарғы органдарда және сотта оны даулауға, әкімшілік іс бойынша соттардың қарастыру және қаулы шығаруына дейін әкімшілік процесс кезеңдерінің барлығы реттелген. Мұнда басты назар жеке және заңды тұлғалар құқықтарының іс жүргізу кепілдіктеріне аударылады. Американ ғалымы Э. Фройнд осыған байланысты былай деп атап өтеді, «әкімшілік құқық-бұл әкімшілік шығарған құқық емес, әкімшілікті бақылайтын құқық» [9].

1946 жылдан бастап АҚШ-та «Жалпы әкімшілік процедуралар туралы» федералды заң қолданылып, штаттарда әкімшілік процедуралар қосымша аймақтық заңдармен реттелген. 1946 жылғы заң әкімшілік-құқық шығармашылық қызметін реттеуге бағытталған. Заңда эталондық процедуралар тізімі берілген. Ол бойынша, реттеуші ведомства нормативті актілерді қабылдау немесе өзгерту барысында қабылданатын құжаттар, өз қызметінің ережелері, тиісті істер бойынша сот шешімі туралы халықты хабардар етіп, нормативтерге енгізілетін барлық өзгертулерді «Федералдық регистрде» жариялауы тиіс.

АҚШ –тың әкімшілік, реттеуші ведомстваларының басқа да мемлекеттік мекемелеріне қарағанда, заңдарға түсініктеме беретін, толықтыратын нормативті актілерді (ұйғарымдарды) қабылдау құқығымен қатар, олардың орындалуын бақылау құқығы бар.

Профессор Н.А. Крашенников ойынша, Федерация органдары және оның субъектілері арасындағы қайшылықтарға, заңшығарушы және атқарушы биліктердің мүдделерінің тоғысуына байланысты АҚШ әкімшілік жүйесінде көптеген тәуелсіз ведомствалар жүйесі (агенттіктер) қалыптасты. Олар, норма шығармашылығы және квазисоттық уәкілеттіліктері берілген әкімшілік мекемелер құқығына ие бола отырып, министрліктерден оқшауланған және өз алдына дербес түрде [10].

АҚШ әкімшілік әділеті азаматтық және конституциялық процестермен тығыз байланысты. Жалпы юрисдикциялық соттарда әкімшілік-құқықтық дауларды қарастыру және тиісті өкілеттілігі бар түрлі квазисоттық органдарды құру оның ерекшелігі болып табылады. 1957 ж Азаматтық құқық туралы Заңға сәйкес, атқарушы билік шеңберінде азаматтық құқықтар бойынша ерекше Комиссия құрылған, оның мүшелерін Сенаттың келісімімен президент тағайындайды. Комиссия, дауыс беру барысында нәсілі, терісінің түсі, діні, жасына және басқа да жағдаяттарға байланысты саяси құқықтарына қысым жасалғандығы туралы азаматтардың арыздарын қарастыруға міндетті. Сонымен қатар, әкімшіліктің нормативті актілерін, федералды үкімет заңын және саясатын бағалауға міндетті. Кемсітуге жол бермеу үшін Комиссия квазисоттық тыңдаулар өткізуге міндетті және үйлестіру өкілдігіне ие.

Американдық заңнама, әкімшілік-құқықтық қатынастар шеңберінде пайда болатын барлық мәселелерді шеше алмайды. Мемлекеттік және құқықтық дамудың осы аспектісінде Жоғарғы Соттың қызметі маңызды болды. Жоғарғы Сотта қаралатын, азаматтар және мемлекеттік мекемелер арасындағы әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істер, жоғарғы сот Э. Уоррен төрағалығы кезеңінде (1960 жылдары) көбінесе азаматтардың пайдасына шешіліп отырды.

Дегенмен, әкімшілік процестің негізгі принциптері заңнама деңгейінде, оның ішінде конституциялық деңгейде бекітілген. АҚШ әкімшілік құқық нормаларын қолдану тәжірибесі үшін, тиісті құқықтық процедураларды сақтау туралы талаптары бар конституцияға енгізілген V және XIV түзетулерінің маңызы зор. Американдық заңгерлердің пікірінше ол, қаралатын іс бойынша барлық мүдделі тұлғалардың хабардар етілуі және оларға істі талқылауға қатысу мүмкіндігін беру сияқты екі өзара байланысты элементтен тұруы қажет. «Тиісті дәрежедегі құқықтық процедуралар» талабы, жекелеген құқық субъектілерінің құқықтарының теңдігін қамтамасыз ететін, мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі құқық үстемдігі жүйесінің іргелі принципі болып табылады.

АҚШ заңнамасында, әкімшілік құқық бұзушылық, лицензиялық, зейнетақы, салықтық және жекелеген нақты тұлғалардың құқығы мен міндеттері туралы шешім шығарылатын басқа да істерді мекемелерде қарастыру тәртібі толық түрде реттеледі. Мұндай дәлелдемелерге ерекше назар аударылады.

Нормативті акт немесе мекеме бұйрығы іске қатысты маңызды дәлелдемелерге негізделуі қажет. Әкімшілік істі қарау соттағы істі талқылау сияқты хаттамаланып, онда тараптардың сөздері, олардың ұсыныстары, алынған немесе қарастырылған дәлелдемелер, ресми фактілер, дәлелдемелерді тараптардың бағалауы толық қамтылады.

Мекеме дәлелдемелерді ауызша және жазбаша түрде қабылдайды. Мұнда, шешім қабылдайтын тұлға, істі қарастыру барысында келтірілген және хаттамада көрініс тапқан дәлелдемелерді ғана басшылыққа алады. Судьялар, атқарушы билік органдары қабылдаған актілердің заңдылығына бақылау жасай отырып, факт бойынша әкімшілік юрисдикция басымдықтары презумпциясына және құқық мәселелері, яғни әкімшілік органдарының құқық нормаларын түсіндіру және қолдану мәселелері бойынша соттар юрисдикциясының басымдықтары презумпциясына сәйкес шешім шығарады.

Американдық әкімшілік-іс жүргізу заңнамасында, мемлекеттік мекемелер қызметінің ұтымдылығын арттыратын және мүдделі азаматтар мен ұйымдардың құқығының кепілдіктерін беретін басқа да тиімді жағдайлар жасалынған.

Жалпы, құқықтанушылар, англо-саксон жүйесінің артықшылықтары ретінде нақтылықты, бейресмилікті, әкімшілік трибунал мүшелерінің жоғарғы кәсіби деңгейін, процестің қолайлылығын көрсетеді; кемшіліктеріне: әкімшілік трибуналдардың ведомствалық бағыныстылық істерді ғана қарастыруын, әкімшілік трибуналдардың жалпы юрисдикциядағы соттарға тәуелділігін жатқызады.

Англо-саксондық үлгі, көптеген елдерде (Норвегия, Дания, Нидерланды, Канада, Австралия, Үндістан, Жапония) қолданғанымен, континенталды құқық елдерінде кең тарамаған. Осы мәселені біз Франция және Германия үлгісінде қарастырамыз.

Әдебиеттер

1. Абдраимов Б.Ж. Административная юстиция: соотношение моделей и выбор цели. // Юрист. – 2003. — №12.

2. История государства и права зарубежных стран. / Под общ. ред. проф. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенинниковой: В 2-х ч. – 2-е изд., стереотип. – М.: НОРМА, 2005. Ч. 2. — с. 530-531.

3. Ориу М. Основы публичного права. — М.: Изд-во Коммунистической академии, 1929. — с. 545.

4. Боннер А.Т. Буржуазная административная юстиция. // Правоведение. – 1969. — №1. — с. 99-100.

5 .Графский В.Г. Всеобщая история государства и права. – М.: НОРМА, 2004. — с. 690.

6. Виноградов П.Г. Исторические основы английского административного права. – Пг., 1917. — с. 7.

7. Суворов М.А. Административное производство: понятие, виды, классификация. // Сибирский юридический вестник. – 2002. — №3.

8. Административное право зарубежных стран. / Под ред. А.Н. Козырина. – М.: СПАРК, 1996. — с. 52-72.

9. Административное право зарубежных стран. / Под ред. А.Н. Козырина. – М.: СПАРК, 1996. — с. 5.

10. История государства и права зарубежных стран. / Отв. ред. проф. Н.А. Крашенинникова: В 2-х тт. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: НОРМА, 2005. Т. II: Современная эпоха. — с. 135.

About -

Leave a comment

You must be Logged in to post comment.