Прокурорлық қадағалаудың маңызы
By maukazan On 10 Дек, 2012 At 04:40 ПП | Categorized As 2010, №1 қаңтар-ақпан 2010 жыл | With 0 Comments

Ш. М. Шарипов,

з.ғ.к., доцент

В статье раскрывается значение прокурорского надзора как особого вида государственной деятельности, направ-ленного на обеспечение режима законности в стране. Автор отмечает необходимость усиления высшего надзора, призванного защищать права и свободы граждан и интересы государства.

 

In article value of public prosecutor’s supervision as the special kind of the state activity directed on maintenance of a mode of legality in the country reveals. The author marks about necessity of strengthening of the higher supervision, called to protect the right and freedom of citizens and interests of the state.

Конституциялық құқықтың пәнін өте мол юридикалық норма-лардың және оларға тән құқықтық реттеу әдістерінің ерекшеліктерін айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастар қалыптастырады. Ал құқықтың әрбір саласы нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған нормалардың жиын-тығынан тұрады.

Бір жағынан конституциялық қатынастарды мемлекеттік орган-дар қалыптастырады (қарастыры-лып отырған жағдайда прокура-тура), ал екінші жағынан ҚР-ның “Прокуратура туралы” Заңы белгі-леген тұлғалардың шеңбері, сондай-ақ азаматтар, тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, заңның үстемдігін қамта-масыз ету, Конституция мен заңдарды сақтау, заңдылықтың біртұтастығы мен нығайтылуын күшейту мақсатында құрастырады.

Қазақстандық мемлекеттілік-тің шынтуайыттығын талдау нәти-жесі оның негізгі ішкі функция-лары ретінде мыналарды: халық билігін қамтамасыз етуді, азамат-тардың құқықтары мен бостан-дықтарын, сондай-ақ заңдылық пер құқықтық тәртіпті қорғауды атауға әкеп тірейді. Осы функцияларды іске асыру прокурорлық қадағалау қызметі ретінде прокуратураның мемлекет органы қатарындағы пәнін құрайды. Прокуратураға ең әуелі Конституцияда, заңдармен өзгеде нормативтік құқықтық актілерде бекітілген құқықтық нормалардың іске асуы, (барлық тұлғалар тарапынан, әрине), яғни заңдылық принципінің қам-тамасыз етілуі тапсы­рылады [1].

Прокурорлық қадағалау про-куратураны ұйымдастыру үшін ғана емес, нақтыласақ мемлекетте заңдылық мәселесінің туында-луымен, оның бір-тұтастығы мен сақталуы сияқты өзара органи-калық байланыстағы қажеттілік-терден келіп шығатыны айқын. Яғни, қоғамдық қатынастар өзді-гінен қалыптасып, дамып немесе өзгеріп жататыны хақ нәрсе.

Ал, прокурорлық қадағалаудың мақсаты осы қатынастардың заңның аясында реттелуін және олардың даму барысында келіп шыққан дау-дамайлардың құқықтық амал-тәсілдермен шешілуін қадағалау болып табылады

Демек, заңның біртұтастығын, заңды бұзушылықты жоюмен бұзылған құқықтарды қалпына келтіру іс-шараларын қамтамасыз ету прокуратураның басты міндеті.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, халық билігін қамтамасыз ету мемлекеттік биліктің жоғарға органдарының, сот пен құқық қорғау және өзге де органдардың құзыреті болып саналса, Конституцияның, заңдардың сақталуын, олардың үстемдігін, сондай-ақ біртұтастығымен нығайтылуын қамтамасыз ету бұл прокуратураға жүктелген сирек құбылыс. Өйткені, мұндай міндетті мемлекет тек бір ғана органға – прокуратураға тапсырып отыр. Демек, қадағалау өкілеттіктерін жою бәрібір оларды мемлекеттің басқа бір органына жүктеуге әкеп тірейді. Оған қандай қажеттілік болуы мүмкін? Ал заңдылықты қадағалауды тіпті жоюдың өзі анархияға, құқықтық озбырлыққа әкелетіні сөзсіз.

Егер заң шығару билігінің шығарған нормалары іске аспай жатса, үкімет қабылдаған қаулы-қарарлар орындалмаса, сот үкімдері мен шешімдері тиісінше, әрине тиімділігімен уақтылы шықпай, шыққан жағдайда атқарылмай жатса, онда мемлекеттік биліктің түкке жарамсыздығы (атрофия) түбі биліксіздікке, немесе басқа бір биліктің, яғни криминалды, қылмыс беделділерінің басқаруына әкеп соғуы әдбен мүмкін.

Демек, прокурорлық қадағалаудың орны мен маңыздылығы оның конституциялық билік органдармен байланыстылығында, әсіресе тепе-теңдік пен тежемелік жүйесі мен билік тармақтарының өзара іс-қимылындағы жалпы мемлекеттілік принциптерін ұстануларын қамтамасыз етуінде екендігі объективті нәрсе.

Прокурорлық қадағалау халық билігінің нақты іске асуына үлес қосатын айрықша қызмет екенін дәлелдей білді. Мұны біз прокуратураның азаматтық қоғамның, жекеленген тұлғаның мүдделерін, мемлекетте орнатылған құқықтық тәртіпті, заңдылықты, оның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметінен айқын көре аламыз. Демек, прокурорлық қадағалауды елдегі заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің еркі деп түсінуіміз қажет.

Ал, өз кезегінде прокурорлық қадағалау мемлекеттік сипатқа, яғни біртұтас әлеуметтік және құқықтық санатқа айнала бастайды. Оны мынадай белгілері айқындайды:

—  ол “биліктердің бөліну” қағидатының жемісі;

—  функционалдық белгілеріне сай ол мемлекеттік билікті бөліседі, яғни ондайдың өкілеттіктерін әбден иелене алады;

—  пәндік мақсатына сай ол мемлекеттік қызметтің нақты нысанын, яғни Ата заңда белгіленгендей – прокурорлық қадағалауды “жоғары қадағалауды” айқындайды.

Демек, прокурорлық қадағалау прокурорлық – биліктік құзыреттің басты нысаны болып табылады.

Осы орайда, құқық әдебиетінде жиі шатастырылып келінген екі ұғымның “қадағалау” мен “бақылаудың” ара-жігін ажырату орынды мәселе. Осы екеуі сабақтаспа, синонимдес пе, бір мағынаны білдіре ме, әлде әр – қайсысының өз мағынасы, өз бағыты барма? Жауап іздеп көрелікші. Біздің пікірімізше, “қадағалау” мен “бақылау” екі, бірінен бірі бөлек, әр-қайсысы дербес мағыналы ұғымдар. Оған дәлел, біріншіден тілдік мағынада екеуінің екі бөлек аталуында, екіншіден, қадағалаудың мағынасы бірнәрсенің, немесе біреудің (біреулердің) үстінен қадағалап, байқап тұруды білдірсе, “бақылау” дегеніміз тексеріп байқау, тексеру дегенді білдірсе керек.

Осыдан, прокурорлық қадағалау мен мемлекеттік бақылау органдарының қызметіндегі ерекшеліктерді былайша жіктесек болады:

  1. Бақылау (бақылаушы) органдар (соның ішінде қадағалау функциялары бар, мысалы санитарлық, экологиялық, өртке қарсы т.с.с.) атқару билігінің қарамағына кіріп, ведомстволық сипатқа ие болса, прокуратура мемлекеттің дербес, тәүелсіз органы ретінде ешбір билік тармағына жатпайды.
  2. Қадағалау әрдайым бөлек жүйелердің объектілеріне қатысы жүргізілсе, бақылау жүйенің ішіне де тән.
  3. Бақылау органдары заңдылықпен қоса қызметтің тиімділігінде тексерсе, прокурорлық қадағалаудың мақсаты тек заңдылықты қамтамасыз ету ғана.
  4. Бақылау органдарына қарағанда прокуратура қадағалау барысында объектінің жедел-шаруашылық қызметіне араласпайды.
  5. Қателіктерді жою мен кінәлілердің жауаптылығын шешу үшін мемлекеттік бақылау органдары әкімшілік өкілеттіктерін пайдаланып, әкімшілік тәртіптегі жазаны (шараны) қолдана алса, прокуратура мұны тікелей істемейді.
  6. Қадағалау осы қызметтің белгіленген параметрлерінің (өлшемдерінің) аясында жасалса, бақылаудың аясы шектелмеуі мүмкін.
  7. Қадағалау бақылау органдарының қызметін қамтығанымен, керісінше болуы мүмкін емес.
  8. Бақылау органдары өз өкілеттігімен қателіктерді түзете алады.
  9. Қадағалаудың шекарасы ауқымды, оны мемлекеттің атынан іске асырады. Сондықтан, прокурорлық қадағалаудың бақылау органдарына да өкілеттіктері жүреді.

Кейінгі кезде прокуратураның күні санаулы, ол сот билігінің нығаюына кедергі келтіріп, сот монополиясы мен тәуелсіздігіне қол сұғады деген тұжырымсыз сонымен бірқатар негізсіз ұсыныстар айтылып келеді. Осыған орай, прокуратураның өкілеттіктерін барынша шектеп, тіпті оны бүгінгі мәртебесінен айырып, атқару билігіне көндіру жөніндегі тілектер аз емес. Алайда, бүгінгі күннің тәжірибесі мен өз құнын өзі ақтауына қарасақ, тек прокуратура ғана заңды бұзушылыққа қарсы әрі жедел, әрі тиімді жүйе екендігін әбден дәлелдеді, әсіресе биліктегі сыбайлас жемқорлыққа, ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-шараларын айтып жеткізу киындық туғызбайды.

Сонымен, прокуратура – заңдылықты қадағалап, әрі қамтамасыз етуді бүкіл қызметінің мәні, мағынасы және негізі деп есептейтін жалғыз орган. Сондықтан оның осы негізгі функциясын жою, немесе әлсіретуді көздейтін ұсыныстардың дәйегі жоқ. Керісінше, оны сақтап қою ғана емес, күшейту, тиімділеу мемлекеттің заңдылықты қамтамасыз ету саясатындағы бірден-бір мақсаты болуы тиіс. Заңның үстемділігі мен құқықты, бостандықты қорғау мен қамтамасыз ету прокуратура үшін басты міндет екендігінде дау болмауы қажет. Осыған орай, А.Д. Бойков : “заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған тиімді әрі биліктің үш бірдей тармақтарына осы бағытта қызмет көрсететін орган – прокуратураның құқықтық негізінің, кадрлік құрамының нығаюына барынша септік тигізу қажет” – деп атаған [2].

Прокуратураның көп жылдар ішіндегі қызметінде (жалпы, 1922 ж. бері – 87 жылдан астам, тәуелсіздіктен бергі – 20 жылға жуық) заңдылықты қамтамасыз етуінің құқықтық құралдары қалыптастырылды және олардан бас тарту орынсыз. Өйткені, сот жүйесі әлі де тиісінше жетілгені жоқ, мемлекеттік бақылаудың тиімділігі де шамалы, ал осы орайда заңдылықты қамтамасыз ету тетіктерінің толыққанды ұйымдастырылмауына байланысты бұл бағыттағы маңызды да, әзірше өз құнын өзі ақтаған жүйесіз қалумен тең.

Жоғарыда аталған прокуратураға ‘қол салушылыққа” әрине Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының 25.01.1996 ж. бекітілген 7 п. Резолюциясы себепші болып отыр. Онда Еуропа Кеңесінің стандарттарына лайық прокуратураның рөлі, қызметі мен ұйымдастырылуы туралы заңдардың қабылдануы туралы талаптар тілге тартылған. Алайда қазақстандық прокуратураның функцияларын еуропа стандарттарына (өлшемдеріне) жақындату тіпті орынсыз, өйткені:

  1. Әлемдік қауымдастықта, соның ішінде Еуропада да прокуратураның бірыңғай, әмбебапты (универсалды) моделі жоқ. Сондықтан, Қазақстан басқада ТМД мүшелері қатарлы өзінің құқықтық жүйесінің өзгешелігін сақтай отырып, заңдылықты қамтамасыз ету тетіктерін қалыптастыра да, дамыта да алуға әбден құқылы.
  2. Шет елдік тәжірибені әйтеуір көшіріп алудың қазақстандық ерекшеліктермен, соның ішінде көп жылдар бойы қалыптасқан отандық оқтайлы тәжірибемен санаспағанды білдіреді.

Демек, прокуратураның мәртебесін, құрылымын, мақсаты мен қызметінің нысандарын өзгерту сот және құқық жүйесін өзгерту үдерістерімен гармониялы, яғни үндесті болуы тиіс, өйткені ол осы жүйелердің құрамдас бөлігі және оның түбегейлі мақсаты заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған тұғырлы кепіл екендігінде.

Әдебиеттер

  1. ҚР-ның Конституциясы, 30.08.1995 ж.
  2. Бойков А.Д. Третья власть в России. — М., 1997. – 260 б.

About -

Leave a comment

You must be Logged in to post comment.