ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
By maukazan On 11 Июл, 2009 At 06:04 ДП | Categorized As 2009, №4 сентябрь-октябрь | With 0 Comments

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушыларына, қыз­меткерлері мен студенттеріне

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

 

Сіздердің университеттеріңіздің Қазақстан Республикасы жоғары оқу орны жүйесінде айрықша орны бар. ҚазҰУ құрылған күнінен бастап-ақ отандық білім беру мен ғылымның жарқын үлгісі болып келеді.

ҚазҰУ еліміздің дамуына зор үлес қосты. Университеттің жетістіктері ға­лымдардың, ізденушілердің, ұстаздардың бірнеше буынының өткен бүкіл 75 жыл бойғы творчестволықпен төккен маңдай терінің нәтижесінде қалыптасты.

Еліміздің ірі жоғары оқу орны әрдайым ғылыми және рухани ізде­ністердің алғы шебінде болды. Оның даңқын есімі әлемге әйгілі ғалымдарымен танылған ғылыми мектептері, сапалы академиялық білімі құрады. ҚазҰУ профессорлары мен оқытушылары құра­мының, студенттерінің оқу-педагоги­калық және ғылыми-зерттеушілік қыз­метінің берік іргетасының негіздері, міне, тап осыдан көрінеді.

Университеттің басты ұстанымы – «Отанға қызмет ету». ҚазҰУ өз тари­хының өн бойында отандық кадрлардың басты ұстаханасы болып қалуда. Қазақстанда осы оқу орнының түлектері еңбек етпейтін бір де бір кәсіпорын немесе мекеме жоқ деуге болады. Олардың көпшілігінің еңбегі жоғары атақтармен және мемлекеттік наградалар­мен атап өтілген.

 

ҚазҰУ-дың еліміздің жоғары оқу орындарының көшбасшысы болып қала беруіне, отандық ғылым мен білім берудің озық дәстүрлерін сақтап және дамытып, ізгілік пен оқу-ағарту идея­ларына қызмет ете беруіне тілектеспін!

Н.Ә. Назарбаев

 

 

Преподавателям, сотрудникам и студентам Казахского национального университета им. аль-Фараби

 

Поздравляю коллектив Казахского национального университета им. аль-Фараби с 75-летним юбилеем!

Ваш университет по праву занимает особое место в системе высшего образования Республики Казахстан. С момента своего основания КазНУ стал ярким символом отечественного просве­щения и науки.

КазНУ внес огромный вклад в развитие нашей страны. Достижения университета складывались благодаря кропотливому творческому труду нес­кольких поколений ученых, иссле­дователей, педагогов на протяжении всех минувших 75 лет.

Крупнейший вуз страны всегда находился в авангарде научных и духовных исканий. Его славу составляли ученые с мировым именем, признанные научные школы, качес­твенное акаде­мическое образование. Именно в этом проявляются фунда­ментальные основы учебно-педагоги­ческой и научно-исследовательской деятельности профес­сорско-препода­вательского состава и студентов КазНУ.

«Служение Отечеству» стало главным девизом университета. На протяжении всей своей истории КазНУ остается главной отечествен­ной кузницей кадров. Пожалуй, в Казахстане нет ни одного крупного предприятия или учреждения, в которых бы не трудились выпускники вашего вуза. Многие из них заслу­женно отмечены высокими званиями и государственными наградами.

Желаю КазНУ оставаться вузов­ским флагманом страны, хранить и при­умножать лучшие традиции отечес­твенной науки и образования, служить идеям добра и просвещения!

Н.А. Назарбаев

About -

Leave a comment

You must be Logged in to post comment.