Мәртебесі үстем, беделі биік азамат
By maukazan On 17 Май, 2012 At 10:12 ДП | Categorized As 2012, №1 (18) январь-февраль | With 0 Comments

ЗАУЫТБЕК ТҰРЫСБЕКОВ ТУРАЛЫ СЫР

 

Алдағы ақпан айында 75-ке келемін. Осы жасқа жеткенше өмірдің талай асуларынан астық. Жасы үлкен ел ағаларына қолқанат болып қасына ерсек, кейінгі толқын інілерге керек кезінде ақыл-кеңесімізді айтып, аға болдық. Өмір-керуен осылайша толқыннан толқынға ұласып, сабақтасып өте береді екен. Жалындап тұрған жас шағымызда бағыт-бағдар берген қамқор ағалардың көбі бүгінде арамызда жоқ. Имандары саламат болғай олардың.

Тәуелсіздік туының тігілгеніне де тұп-тура 20 жыл толыпты.

Ас­пан түстес байрағымыздың асқақ­тай жел­біреп тұруы осы жолда уақыт­пен санаспай еңбек еткен атпал аза­маттардың арқасы екен­дігі және шын­дық. Ақ түйенің қар­ны жарыл­ғандай ақар да ша­қар күй кештірген тап осы күні Ел­

басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы­ның жанынан табылып, жас мем­лекетіміздің уығын шаншы­ған азаматтарға алғыс айтқанның еш айыбы бола қоймас. Сондай атан жілік азаматтың бірі – бүгіндері асқаралы алпыс жасқа абырой биі­гі­нен төмендемей келген әрі өзім көптен білетін Зауытбек Тұ­рыс­беков. Былайғы жұрт Зауытбек Қау­ыс­бекұлын еліміздің іргелі ме­ке­ме­лері мен ірі облысына бас­шылық жа­саған тәжірибелі бас­шы, одан қал­ды ғасырлар бойғы көршіміз Өз­бекстан мен Ресей Федерация­сын­дағы елшіміз ре­тін­де білсе, мен оны бірнеше жыл қоян-қолтық қызмет атқарған әріптес есебінде ғана емес, азамат ретінде жақыннан танып білдім. Жасыратыны жоқ, Тәуел­сіз­дігі­мізді иеленген тоқсаныншы жыл­дардың басында әлеуметтік қи­ыншылықтар жетіп артылатын. Ол жөнінде талай мәрте жазылып та жүр. Оны қайталай бергенді ар­тық деп білемін. Айтайын дегенім, ел еге­мендігін алғаннан кейін, Пре­зиденттің Жарлығымен әкім­шілік институты дүниеге келді. Ке­шегі облыстық партия коми­теті­нің бі­рін­ші хатшысы лауазы­мының ор­ны­на облыс әкімі деген жаңа қыз­мет пайда болды.

Оңтүстік Қазақстан облысы­ның бірінші әкімі болып Марс Үркімбаев тағайындалды. Облыс әкімінің бі­рін­ші орынбасары қыз­метіне қы­рық­тың қырқасынан жаңа ғана асса да, ел басқару ісінде тәжірибе жи­нақ­тап үлгерген Зауытбек Тұрыс­беков бекітілді. Зауытбектің әкесі Қауысбек мар­құмды жақсы білетін­мін. Ұзақ жыл­дар бойы облыстың бі­рнеше ауданына басшылық жаса­ған, әділ­­дікті жаны сүйетін, елдің ал­ғысын алған қайырымды жан бо­латын. Мен ол жылдары респуб­ли­калық «Каззоготхлопкопром» өнді­ріс­тік бірлестігіне басшылық жа­­­сау­шы едім. Зауытбек облыс әкі­­мі­нің бірінші орынбасары лауа­зы­мында ауыл шаруашылығы мәсе­ле­леріне тікелей жауапты болды. Эко­номикамыз аса қиын жағдайда тізе қосып, ортақ тіл та­быса қызмет атқардық. Бір байқа­ғаным, Зауыт­бек Қауысбекұлы ауыл шаруашы­лы­ғының сол кез­дегі қол байлау бо­лып отырған шаш-етек мәселе­лерін жақсы бі­леді екен. Өзі тікелей жауапты са­ланың еңсесінің тез тік­теп кетуіне қолдан келген көмегін берді. Мә­селен, оңтүстіктегі мақта алқап­тарынан жылына шауып шықты дегенде әр гектардан 25-27 цент­нер мақта алатынбыз. Израйль мамандары тап біздегідей мақта ал­қаптарының гектарына 60 цен­тнерге дейін мақта алатын көрі­неді. Оның құпиясын терең зерт­теген Зауытбек Қауысбекұлы «Из­райльдегі тамшы­лап суару әдісін неге бізде қолданып көр­меске?», — деген тың ұсынысын білдірді. Бұл ұсыныс өз кезегінде облыс әкімі мен мақта шаруа­шы­лығы басшыларының тарапынан қызу қолдау тапты. Кейіннен из­райльдік әріптестерімізбен тығыз қа­рым-қатынас орнаттық. Олар­дың тамшылатып суару әдісін өзімізде қолданып көрдік. Сапасы өте жо­ғары «Джон Дир» деп аталатын мақ­та жинау комбайнын сатып алып, өзіміздің пайдамызға жарата бастадық. Іскерлігімен, шебер ұй­ым­дастырушылық қа­біле­тімен көз­ге түскен Зауытбек Тұрысбековті Ел­басы Н.Назар­баев 1993 жылдың желтоқсан айын­да Оңтүстік Қазақ­стан облы­сының әкімі етіп тағайын­да­ды. Зауытбек жаңа қызметке құл­шына кірісті. Себебі өзіне сенім ар­тып отырған Елбасы мен елдің үмітін ақтау — оған бәрінен де биік еді. Облысқа басшылық жа­са­ған бір­неше жылдың ішінде халқы ты­ғыз қоныстанған өңірдің жұртшы­лы­ғы­ның дидарына нұр ұялай бас­тады. Ескі басқару, яғни жылы кең­седе пәрмен беріп, жауапты шаруаны өзінің бір орынбасарына тапсырып сырттай басқару дегенді мүлдем қабыл­дамаған Зауытбек Тұрыс­бе­ковтің бастамасымен об­лыс көле­мін­дегі тұралап қалған өндіріс орын­да­рына қан жүгіре бастады. Тап сол жылдары елімізден экс­порт­қа тек қана мақта шыға­рылатын. Осы бір стратегиялық маң­ызға ие ши­кізаттың қадірін біл­ген облыс бас­шысы мақта сала­сы­ның жан­да­нуына да бар күш-жігерін жұм­сады. Талай мәрте Министрлер ка­бинеті­нің басшысымен шұғыл кездесіп, мақта шаруашы­лығы­ның жай-күй­ін, шешілуі тиіс мә­се­лелерді жедел қабылдатуға ерек­ше ықпал жасады. Көршілес Өзбекстанның жоғары билік өкіл­дерімен бірнеше мәрте жүздесіп, олардың мақта ша­руашы­лық­та­ры­мен іскерлік байла­нысты ұл­ғай­туымызға да барынша қолдау білдірді. Елді мекендерді көгілдір отын, жарық, ауыз сумен қамта­ма­сыз етуде ешқандай кідіріс болмады. Облыстың емханалары, аурухана­ла­ры соңғы үлгідегі құ­рал-жабдық­тар барынша қамтыл­ды. Шетелдік инвесторлардың эконо­ми­ка­мызға қаржы құйып, біріккен кәсіпорын­дардың көп­теп ашылуына да тікелей мұрын­дық болды.

Түркістан қаласынан ағыл­шын­­дармен бірлесіп, «Фараб» атты бі­рік­кен кәсіпорын ашқа­ны­мыз әлі есімде. Осы кәсіп­орында медицина­лық вата және басқа да керек жа­рақтар шығарып, медицина саласын қамтамасыз етуге баса көңіл бөлінді. Іскер, әділ басшы атанған Зауытбек Тұрысбековтің аты бүгіндері оңтүс­тік өңірде ерекше ілтипатпен ата­ла­ды. Ол қандай жауапты қыз­меттің тізгінін ұстамасын, ең бі­рінші елдің мұқтажын өтеуді үне­мі ойлап, сол жолда барын сала қы­змет атқарады десем, еш қа­телесе қоймаспын.

2005 жылы кәсіпкер інім Нұр­лан Нұрбеков екеуміз іссапармен Өз­бек­станның Науай облысына бар­дық. Әңгіме арасында өзбек ағай­ын­дар «мына іргедегі Нұрата қа­­­ла­сында сендердің даңқты ба­ба­ларыңның сүйегі жатыр», — де­ген соң жүйрік көлікпен Нұратаға тарт­тық. Сейітқұл әулие мен Әйтеке бидің мазарының орнын көргенде әбден қиналдық. «Құдай ғұмыр берсе, даңқты бабалардың ел сүй­сінетіндей кесенесін көтер­сек», — деген ой сол кезде келіп еді.

2008 жылдың ерте көктемінде кешкілік Зауытбек Қауысбек­ұлы­ның телефон шалмасы бар ма? Ол сол кезде Өзбекстан Республика­сындағы Төтенше және өкілетті елші еді. Амандық-саулық сұрас­қан соң, «қазақтың тарихында Тө­ле би, Қазыбек би, Әйтеке би­дің орны бө­лек қой. Төле мен Қазыбек билердің қайда жерлен­генін білесіз. Әйтеке бидің сүйегі Нұратада жатыр. Елші болып тұрғанымда Әйтеке бидің басына ұрпақтары мақтан тұтатын­дай ке­сене салдыруға ықпал етсем деген ойым бар. Шәке, талай жыл­дан бері бірге келе жатқан ағамсыз, осы мәселе жөнінде пікіріңізді біл­сем деп едім», — деді. Қапелімде не айтарымды білмей, «дұрыс екен, дұрыс екен», — дедім. «Шә­ке, ең бас­тысы, сіз қолдасаңыз бол­ды, он­да ертең жолығалық», — деді. Көп кешікпей елші Зауыт­бек Тұрысбе­ков­тың тікелей бас­тама­сымен әрі үлкен ұйымдас­тыру­­­­шылық, терең дип­лома­тия­лық шеберлігінің арқа­сында өзбек ағайындар ренжімей­тін­дей, өз ағайындарымыз қомсын­байтын­дай Әйтеке бидің көз тартар ке­сенесінің алғашқы кірпіші қалан­ды. Кезінде Ордабасыда үш биі­мізді еске алуға арналған сал­танатта Ел­басымыз Н.Назар­ба­евтың былай дегені бар еді. «…Сондай даналар­дың ішінде дәуір­дің үш кемеңгері деп танылған Әлібекұлы Төле би­дің, Келді­бекұлы Қазыбек бидің, Бәйбекұлы Әйтеке бидің орны бөлек. Барша қазақ баласы аттарын ардақтап, айтқандарын жаттаған осы үш бабамыздың ел алдындағы еңбегі­не, халық қамын жеген қа­сиетті ісіне сөз жеткізіп баға беру қиын-ақ. Халық болып сақталға­нымыз, міне, бүгін егемен ел ата­нып, Тәу­елсіздік туын тігіп отырға­нымыз, тіпті басқасын былай қой­­ған­да ата-баба жерінде басымыз аман, бауы­ры­мыз бүтін жүріп жат­қанымыз үшін бүгінгі ұрпақ осы атала­ры­мыздың аруағының ал­дын­­да бас иеді». Осы пікірден-ақ, үш биі­міздің ұлт тарихындағы биік ор­нын бағам­дайсың.

Сөзімді қоры­тын­дылай ке­ле, алаштың айтулы тұлғалары Сейіт­құл әулие мен Әйтеке бидің еңселі кесенесінің тез әрі сапалы аяқталуына өлшеусіз үл­ес қосқан мемлекетшіл тұлға Зауыт­бек Қауыс­бекұлы інім алпыс жасқа дос сүй­сінерліктей абыроймен ке­ліп отыр. 80-нен асқан Жұпар ана­мыздың ақ тілеуінің арқасы болар, Алма Ідіріс­қызы қарындасым екеуі тәрбиелі ұрпақ өсірді. Ресей секілді іргелі мемлекеттегі Төтенше және өкілетті елші қызметін абыроймен атқарып, еліміздің сыртқы саясаттағы сал­мағын арттыруға атсалысып жүрген Зауытбек Тұрысбековке мәртебең үстем, беделің биік бола берсін деген тілегімді арнағым келеді. 

 

Шахарбек УСМАНОВ,

Түркістан қаласы және Мақтаарал

ауданының құрметті азаматы,

«Құрмет» орденінің иегері

 

«Айқын»

15.12.11.

About -

Leave a comment

You must be Logged in to post comment.