Астанада академик Салық Зимановтың 95 жылдығына арналған шара өті
By zankz On 9 Мар, 2016 At 10:55 ДП | Categorized As 2015 | With 0 Comments

 

Снимок экрана от 2016-03-09 16:34:58

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, зимановтанушы ғалым Есберген Алауханов — «Таңшолпанда» қонақта.

Астанадағы Ұлттық кітапханада, сағат 15:00-де қоғам және мемлекет қайраткері, академик Салық Зимановтың 95 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылмақ.

Шараға академик Камал Ормантаев, Кенжеғали Сағадиев бастаған ғалымдар қатысады.

«Салық Зиманов — «Қазақ заңының патриархы», «Қазақ заңының корифейі», «Қазақ заңдары ғылымының абызы», деген үлкен атақтарға жеткен абзал азамат.  Қаныш Сәтбаев Қазақстан ғылым академиясының президенті болып тұрған кезде ол кісіні мақтан тұтып, «Қазақстандағы ғылымның көш бастаушысы» деп баға берген», дейді ғалым.

«20 жылдай шәкірті болып жанында жүрдім. Ол кісінің бастамасымен бірнеше ғылыми еңбектер жаздым. Үнемі бағыт-бағдар беріп отыратын. Көп сөйлемейтін, бір сөйлесе, тереңнен қозғайтын азамат еді».

Сұхбаттың толық нұсқасын «ҚАЗАҚСТАН» ҰТА  көруге болады.

About -

Leave a comment

You must be Logged in to post comment.